«АртСпорт» бағдарламасына бөлінген қаржы көлемі азайған
Семейде тегін спорт секциялары мен үйірмелер жабылудың аз-ақ алдында тұр. Өйткені «АртСпорт» бағдарламасына бөлінген қаржы көлемі азайып, бапкерлер жаппай жұмыссыз қалатын болдық деп қорқып отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
01.07.2022
Қуаныш Есенгелді, Семей қаласының тұрғыны:
- Секциялардың санын қысқартқалы жатыр. Оның үстіне баланың баратын жасын ескермекші. Мысалы бұрын, 417 дейін болса, ал қазір боксқа 12 жастан алмақшы. Бұл тұрғыда бала саны азаяды. Ол шектелсе, қаражаттың бөлінуі қысқарады.
Түрлі үйірмелер ашып, кәсіп бастағандар енді шығындарын да ақтай алмай қалуы мүмкін. Өйткені, «АртСпорт» бағдарламасына мемлекет тарапынан қолдау азайған. Тіпті кейбір орталықтардағы бапкерлер мамыр айының жалақысын да алмаған екен. Оның үстіне, айына бір балаға төленетін ақшада екі есеге қысқарыпты. Алайда, әкімдік қаржыландыру қалалық бюджеттен бөлінбейді деп ақталды. Дегенмен, олар бапкерлердің арыз-шағымдарын жоғарғы жаққа жеткізуге уәде берді.
Данияр Шәкәрімов, Семей қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
- Біз қаржат бөлмейміз. Оған қалалық қазынадан қарастырылмаған. Тек арызшағымдарын қабылдадық. Енді, облыс арқылы спорт министрлігіне жолдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!