Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар
Алматының тауға жақын ауданында 250 үй бір адамның кесірінен тіршілік нәріне жарымай отырмыз дейді. Айтуларынша, су беретін қосымша құбырды осындағы саяжайлар бірлестігінің төрайымы заңсыз кесіп тастаған. Су жеткізуші компания сол себепті қолымыз байланып отыр дейді. Тұрғындар дауын тыңдауға әкімдік өкілдері де келді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
01.07.2022
- Баклажканың бәрі су. Жуынатын су, посуда жуатын, туалетке сол, мына жерде, моншаның іші тола даладағы туалет, үйдегі туалеттің бәрінде осындай баклажкамен жинаймыз.
Алматының ауқаттылары қоныстанған ауданда тұратын Сәния апаны су әбден әуре-сарсаңға салған. Жаз келсе қысым азайып тамшылап қалатындықтан осылай бөтелкелерге толтыруға мәжбүр. Титықтап қалуымызға осындағы Энергетик саяжайлар бірлестігінің төрайымы дейді.
Сәния Бақтыкерейқызы, Алматы қаласының тұрғыны:
- Гүлнәра Жандосова деген оған ешкімнің тісі батпайтын қатын екен. Біз оны көзіміз жетті. Какой то рейдерства у них на счет воды мынада. Мен оны білемін. Горводканалдың барлық жаңағы таныстарымыз бәрі айтқан әр жерден әркім сатып алып өзі не құрып алып, соны үлестіріп сатып отыр.
Тұрғындар өзеннің арғы бетіне су өткізіп тұрған мына құбырды бірлестік төрайымы өз бетінше бірер күн бұрын кесіп тастағанын айтады. Ал, осында су жүргізуге жауапты «Бауыржан лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы қосымша құбырды пайдалануға неге екені «Алматы электр станциясы» мекемесінен рұқсат ала алмай жүрміз дейді.
Жомарт Үмбетов, «Baur LTD» ЖШС басшысы:
- Алэс без мотивации отказ береді де согласовывают с Жандосовой якобы председатель осында. Является собственником бағанағы трубаның, бірақ подтверждающий құжаттары жоқ. Егер балансында тұрса мына труба біз айттық Жандосовамен сөйлесейік те арендасын төлеп халықтың проблемасын шешейік дедік. Түнде бірсікүні келгенде Жандосова кесіп тастаған мына трубаны, ал бұл жақта 300 абоненттей сумен қамтамасыз етеді осы трубамен.
Үш жүздей үй сусыз қалдық деп ұлардай шулағасын Бостандық ауданы әкімдігі де бұл жиынға шұғыл жетті. Әңгіменің байыбына барғасын, өз еркімен бассыздыққа барған төрайымды сабасына түсіреміз деген сыңай танытты.
Әділет Әліпбеков, Бостандық ауданы әкімдігі ТКШ бөлімінің басшысы:
- Біз ол кісімен бүгін хабарластық. Жұмыстан шыға алмаймын, келе алмаймын деді өкінішке орай. Дүйсенбі күні сағат онға біздің әкімшілікке шақырдық. Жиналыс өткіземіз де осы бүгінгі қабылданған шешімімізді сол кісіге жеткізіп алдағы таңда бұл құбырды жаппауына ұсыныс жасаймыз.
Құбырдың кесілуі қаншалықты заңды екенін енді полиция анықтайды. Ал, су жеткізуші компания бір тәулікте қайтадан жаңа құбыр жалғап, іске қосады. Мәселе тез шешімін тапқандықтан, бөтелкеге су жинаудан құтыламыз деген тұрғындар үйлеріне көңілді тарқасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!