{metadescription}
3 шілде домбыра күні аталып өтеді
3 шілде домбыра күні аталып өтеді

3 шілде домбыра күні аталып өтеді

Шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күні аталып өтпек. Ұлттық аспаптың құрметіне орайластырылған мереке қарсаңында Алматыда мәдени іс-шаралар да басталып кетті. Қазақ өнерінің майталмандары қасиетті аспапты дәріптеу мақсатында қазақ өнерінің інжу-маржанын әуелетті.

Тұла бойыңды тулатып, делебені қоздыратын ұлттық аспабымыз республикалық Достық үйінде күмбірледі. «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік іс-шарада елімізге белгілі 15 күйші, дәстүрлі әншілер және 10 жыршы өнерін көрсетті. Жылдағы дәстүрден жаңылмай келген өнер саңлақтары қазақтың қастерлі қара домбырамен күйлерді шертіп, құлақтың құрышын қандырды. Басты мақсат – өскелең ұрпақты тарихтың куәгеріне айналған қасиетті аспапты қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүрлі музыка өнеріне баулу дейді іс-шара ұйымдастырушылары.

Әбілфас Хамедов, «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Ұлттың бірлігін мен ойымша домбырадан бастаймыз. Сол домбыраның нәтижесі, домбыраның дыбысын біз бірбірімізге сыйлап, бір-бірімізге мәдениеттерімізді көрсетіп жатырмыз. Басқа ұлттарда да ұқсас нелер бар. Соларды да мен ойланамын, олар бірлесіп бір нәтижесін домбыра басында болғанда көрсетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде