{metadescription}
Алматыда бетперде тағу тағы міндеттеліп жатыр
Алматыда бетперде тағу тағы міндеттеліп жатыр

Алматыда бетперде тағу тағы міндеттеліп жатыр

Алматы короновирустың таралу қаупі бойынша «сары» аймаққа өтті. Соған байланысты алдағы бейсенбіден бастап бетперде тағы қайта міндеттеліп жатыр. Өйткені, өткен тәулікте вирус жұқтырғандардың саны 159 адам болса, оның 88-і алматылық. 

Ковид қалада 16-шы маусымнан бастап тұрақты түрде көбейіп келеді. Ал ауырғандардың 80 пайызы вакцина салдыртпағандар. Қала қауіптің "сары аймағына" өткеннен кейін Алматының бас санитар дәрігері карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шығарды. Енді адам көп жиналатын жабық нысандар мен қоғамдық көліктерде бетперде тағу қажет. 

Әсел Қалықова, Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Қаулыда екпе салдыруға болмайтын және жүкті әйелдер, сондай ақ ауырған науқастармен жақын қарымқатынаста болғандар қашықтықтан жұмыс істейді деп қарастырылған. Адамдар көп жиналатын жерлерде, яғни сауда үйлері, кинотеатрлар, театр және тағы басқа мекемелерде бетперде тағу ұсынылып отыр. Қаулы шілденің 7-сінен бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде