{metadescription}
«Капитал банк Қазақстан» салымшыларына қаржы қайтарылды
«Капитал банк Қазақстан» салымшыларына қаржы қайтарылды

«Капитал банк Қазақстан» салымшыларына қаржы қайтарылды

1 млрд 600 миллион теңге қайтарылды. Бір жыл бұрын жабылып қалған «Капитал банк Қазақстан» салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды. Лицензиясынан айрылған қаржы ұйымының 92 пайыз клиенттері депозиттегі қаражаттарын алып үлгерген.

Капитал банк Қазақстанның» 47 мыңнан астам салымшысы бар. Осы клиенттерге былтырдан бері Еуразиялық банк төлем жасаған болатын. Берілген өтемақының ең төменгі соммасы 10 теңге болса, ең жоғарғысы 15 миллион теңгеге жетіпті. Құрдымға кеткен қаржы ұйымынан ақшасын алып үлгермеген азаматтарға қаражат келесі айға дейін жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр маусым айында "Капитал банкті" лицензиясын айырған еді. Бұған қаржы ұйымының өз міндеттерін уақтылы орындамауы себеп. Жалпы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» елде таратылып тынған тоғыз бірдей банктің салымшыларына төлем жасаған.

Әділ Өтенбаев, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:

- Заңға сәйкес, әскери қызметтегілер, жазасын өтеп жатқандар, шетелде оқып жүргендер, мұра қабылдаған немесе сот белгілеген өзге де себептер болған салымшылар депозиттерін алу үшін бізге өтініш жаза алады. Қорға келіп, нақты себебін көрсетсе жеткілікті. Ақшаларын бес күн ішінде береміз. Тіпті, зейнатақы шоттарына аударылған қаражаттарын өздеріне қайтарып беретін мүмкіндігіміз бар. «Капитал банк Қазақстан» клиенттері жиғантерген ақшаларына еш уайымдаса да болады. Бір ай ішінде зейнетақы шотына аударамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде