{metadescription}
Семейде ғимаратқа талас басталды
Семейде ғимаратқа талас басталды

Семейде ғимаратқа талас басталды

Жақында ғана облыс орталығы болған Семейде ғимаратқа талас басталды. Қалалық әкімдік Достық үйінде орналасқан этномәдени орталық өкілдерін жылы орындарынан қуып шыққан. Далада қалған бірнеше бірлестіктің өкілдері енді наразылық білдіруде. Айтуларынша, Достық үйін шенеуніктер еш ескертусіз қалалық әкімдік ғимаратына айналдырған. Тіпті, кабинеттерге тақтайшаларды іліп, қызу жұмысты бастап кетіпті.

Семейдегі Достық үйінде 20-ға жуық этномәдени орталық бар. Шаһардың қақ ортасында орналасқын ғимаратқа әкімдік өкілдері таласып жатыр. Яғни бұл жерді қала әкімдігінің ғимараты қылмақшы. Сондықтан шенеуніктер еш ескертусіз бірлестік өкілдерін жылы орындарынан көшіріп жатыр екен.

Ғадылжан Әзімов ,«Достық құшағы» ҰМО төрағасы:

- Қала әкімі орынбасарларымен бірге келіп, бізге жағдайларыңды жасаймыз деген сөздері жалған болып шықты. Бүгін, яғни 4 күні келіп ол кісілер бізді қуып шығып отыр. Біз енді қалай жұмыс атқарамыз? Кімге сенеміз?

Далада қалдық дегендер жергілікті биліктің өздерімен санаспағанына наразы. Тіпті, енді қай жерді барып паналайтындарын да білмейді. Есесіне, қала әкімі Бақытжан Баяхметов өзінің қабылдау бөлмесін таңдап, оның сыртына тақтайшасын да іліп қойыпты. Ал, этномәдени орталық өкілдерін бүгін жұмысқа келгенде бір-ақ көрген.

Олжас Соғымбай, Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Әрине, жаңа облыс құрылып, жаңа мекемелер ашылып жатқандықтан қала әкімі аппаратының басшылығы Достық үйіне орналасты. Дәл қазір кабинет саны жетіспеушіліктен бірігіп отырып жұмыс істеп жатыр. Сондықтан алаңдаушылыққа негіз жоқ.

Осылайша, атқамінерлер ғимаратты алу жөнінде нақты шешім жоқ деп ақталды. Дегенмен, олар үш қабатты мекемеге «көңіл сыйса, бәрі сыяды» дегенді алға тартып отыр. Бірақ, ондағы этномәдени орталықтардың өкілдері жылы орындарын суытпауға Президенттен араша түсуін сұрап хат жолдамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде