Cемейдегі жолдардың жұлым-жұлымы шыққан
Семейде шенеуніктерге кабинет жетпей жатса, қарапайым тұрғындар жол жоқ деп шулап жатыр. Бүгін қала іргесіндегі Жарқын ауылының тұрғындары әкімдік алдына жиналып шу шығарды. Олар облыстың су жаңа әкімінен тозығы жеткен тас жолға асфальт төсеп беруді талап етуде.
Автор: Ұлан Нұрахмет
04.07.2022
- Жол, жол, жол, жол, әкім келсін. Орынбасарларын жібереді. Олар не шешеді?
Жарқын ауылы Семейден не бәрі сегіз шақырым қашықтықта орналасқан. 150 түтіні бар шағын елді мекен тұрғындарына шаһарға қатынау мұңға айналып отыр. Өйткені, талай жылдан бері жөңдеу көрмеген жолдың тас талқаны шыққан. Сондықтан көліктер тұсаулы аттай кібіртіктеп екі ортада бір сағат жүруге мәжбүр. Ал бұл қара жолға асфальт төсеуге атқамінерлер қаражат таппай отыр. 24 жылдан бері жол азабын тартқандар жаңа әкімнен үлкен үміт күтіп отыр. Алайда, Нұрлан Ұранхаев жол сұрап ұрандатқан жұртқа төбе көрсетпеді. Орнына қала әкімінің орынбасары шығып, жиналғандарды жаттанды сөзбен жұбатты.
Дмитрий Гариков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:
- Біз жасаймыз, жасамаймыз деп еш нәрсе айта алмаймыз. Алдымен қаражат мәселесін шешу керек. Оған қала қазынасының шамасы жетпейді. Ал, әзірге жаңа облыстың қаржысы бекітілген жоқ. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысынан көмек сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!