{metadescription}
Министрлер қайтадан медициналық бетперде тақты
Министрлер қайтадан медициналық бетперде тақты

Министрлер қайтадан медициналық бетперде тақты

Министрлер қайтадан медициналық бетперде тақты. Үкімет бүгінгі отырысын осылай сақтық шараларымен бастады. Өйткені, елде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр.

Десе де, эпидахуал тұрақты дейді Денсаулық сақтау министрі. Әзірге Алматы қаласы "сары" аймақта. Ел бойынша вирус жұқтырып ауруханада жатқан науқастың 78 пайызы осы оңтүстік астанадан. Олардың басым бөлігі ковидтің жеңіл түрімен сырқаттанып жатыр. Тек, 11 науқастың жағдайы ауыр. Ауырғандардың 80 пайызы вакцина алмағандар немесе ревакцинация мерзімі өтіп кеткендер. Сондықтан республиканың әр аймағында ақпараттық жұмыстар жүргізілуде дейді Ажар Ғиният. Ал аурудың өршу себебін, министр азаматтардың еңбек демалысына шығып, сапардың көбеюімен байланыстырды. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге елде берперде тағуды жаппай міндеттеп жатқан жоқ. Дегенмен, қауіпсіздік үшін ала жүргендеріңіз абзал дейді министр.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Халық көп жиналатын жерге, әсересе мына сауда орталықтары, айтып кеткен мана аэропорттар, теміржол станциялары болсын халыққа маска киюге кеңес беріп отырмыз. Әркім өзінің денсаулығы үшін. Міндеттелмейді. Кеңес ретінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде