{metadescription}
«Жібек жолы» кемесіне қатысты министр мәлімдеме жасады
«Жібек жолы» кемесіне қатысты министр мәлімдеме жасады

«Жібек жолы» кемесіне қатысты министр мәлімдеме жасады

«Жібек жолы» кемесіне қатысты санкцияның салқыны Қазақстанға тимеуі тиіс. Өйткені, Қазақстан тарапынан ешқандай заң бұзылған жоқ дейді Индустрия министрі.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының меншігіндегі кеме 7 мың тонна дәнді-дақылды Украинадан Түркияға заңсыз тасымалдағанын бұған дейін ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Сөйтсе, кеме Қазақстанға тиесілі болғанымен жалға алушы ресейлік компания екен. Сондықтан жазасын да солар тартуы тиіс дейді Қайырбек Өскенбаев. Қазір мәселенің ақ-қарасын Түркия тарапы анықтап жатыр. Кім жүк тасымалдаушы, кім жөнелтуші екенін ажырату Түрия құзырлы орындарының қарауында. Қазақстан тарапы ресми Анкараға осындай өтінішті жіберіп те қойған. Енді соның жауабын күтпек. Содан кейін ғана «Жібек жолы» кемесіне қатысты нақты шешім қабылданады. Егер ресейлік компанияның заң бұзғаны анықталса, жалға беру туралы келісім-шарттың күші жойылады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Өйткені жалға алғаннан кейін ол енді рұқсат сұрамайды ғой не таситынын. Заңды түрінде таситын заттар болса ешқандай шектеулер жоқ. Ал енді шарт бойынша бір елдің заңын бұзатын жағдайлар болса онда біздің кәсіпкерлер мәселені көтеріп шараны кері қайтаруға құқы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде