Бүгін елорданың туған күні!
Бүгін елорданың туған күні! Бас қала биыл 24 жасқа толып жатыр. Астана статусын алғалы бері алып шаһардың халық саны 4 есеге өсіп қазір 1 миллион 300 мың адамға дейін жеткен.
Автор: Әзиза Төленби
06.07.2022
Қала тұрғындары биыл мерекені ерекше атап өтіп жатыр. Тек ән салып, концерт қоюмен шектелмей түрлі спорт түрінен сынға түсті. Шағын футбол, гір көтеру, үстел теннисінен тұрғындар өзара мықтыны анықтады. Бұдан бөлек стрит-воркаут, стрит-болл секілді заманауи спорт түрлерінен де сайыс өтті. Кәсіби жаттықтырушылар түрлі шеберлік сағаттарын өткізді. Мереке күні ұлттық спорттық да назардан тыс қалған жоқ. Асық ойыны, садақ атудан жарыстар өтіп үлкен-кіші өз бағын сынап көрді.
Айбек Амангелдіұлы:
- Бүгін жарыс жақсы болды. Ойдан шықты, көңілден шықты. Өзіміздің балалық шағымызды асық ойнап еске салып алдық. Республикалық чемпионаттарда жеңіске, Астана қаласының чемпионаттарында жеңіске жеткенмін. Республика құрама мүшесімін.Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын. Астанамыз әрқашан жарқырып тұрсын. Ел жүрегі Астана болып жүре берсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!