Суға батып кеткен
Ақтауда суға батып кеткен 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұм Бейнеу ауданынан қалаға қонаққа қыдырып келген екен.
Автор: Айман Нұрмаханбет
06.07.2022
Қайғылы оқиға кеше Ақтаудағы «Самал 2» шағын ауданында болды. 1993 жылғы азамат теңіз жағалауында шомылып жүріп, суға батып кеткен. Құтқарушылар марқұмның денесін тек 11 сағаттан кейін алып шықты. Осылайша Ақтаудағы жағажайларда шомылу маусымы басталғалы бері жетінші адам бақилық болды. Суға кеткендердің көбі жастар. Сондықтан құтқарушылар тыйым салынған аймақта шомылуға болмайтынын және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтады ескертеді.
Жандос Кенжебаев, Ақтау қалалық ТЖБ бастығы:
- Батқан адам 1993 жылы туылған. Бейнеу ауданының тұрғыны екені анықталды. Іздестіру жұмыстарына ТЖД-нен 20 қызметкер, 3 водолаз және 5 техника және 1 қайық жұмылдырылған болатын. Дене 6 шілде күні сағат 08:30-да табылып, полиция басқармасына берілді. + Ақтау қаласының тұрғындарымен және қонақтарына суға шомылу кезінде ережелерді сақтауын сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!