{metadescription}
Электросамокатқа қатысты стандарт енгізілді
Электросамокатқа қатысты стандарт енгізілді

Электросамокатқа қатысты стандарт енгізілді

Электросамокатқа қатысты стандарт енгізілді. Шектеулер негізінен жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатындарға қатысты. Оларға техникалық талаптар қатаңдатылған. Мәселен, самокаттың жарыққа шағылысатын таңбасы болуы шарт. Ал, екі адамның мінгесуіне мүлдем болмайды. Және мұның барлығы самокатты сатып алар кезде құжатта көрсетілуі тиіс. Көптен бері айтылып жүрген ережені Ішкі істер министрлігі Қазақстанның стандарттау институтымен біріге әзірлеген.

Елімізде самокатқа қатысты мәселе осымен бес жылдан бері шешімін таппай келген. Ал жаңа стандартты жақында ғана Ішкі министрлігі Қазақстанның стандарттау институтымен бірге әзірлеп шығарған. Ереже бірінші шілде күні күшіне енді. Яғни қос дөңгелекті көлік құралын сатып аларда жанындағы ақпаратқа толы құжатын талап ету керек. Онда жүру жылдамдығынан бастап барлық ережесі жазылады.

Ербол Сейпілов, «Доңғалақты көлік құралдары және ауыл шаруашылығы машиналарын» стандарттау жөніндегі №87 техникалық комитеттің төрағасы:

Бұл стандарт максималдығы 25 шаршы метрге дейінгі электросамокаттарына арналған стандарт. Енді мұнда техникалық талаптар орнатылған. Қандай маркировка болу керек. Ол самокатты сатып алған кезде ішінде қандай ақпараттар болу керек. Самокаттардың түрлері қандай болады? Сондай талаптар орнатылған. 25:31 Жалпы 25 кмге дейінгі жылдамдықпен жүретін самокаттарға жүргізу куәлігі керек емес.

Стандарт жылдамдығы сағатына 25 пен 50 шақырым арасындағы самокаттарға қатысты. Одан жылдамдарын мінгісі келетіндерге алдағы уақытта жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмір сұралуы мүмкін. Мұндай шектеудің артық болмайтынын жауапты органдар қазірден айтып жүр. Ал, сарапшылар самокаттарды ортақ базаға енгізу керек деген пікірде. Өйткені ешқайда тіркелмеген оларды бақылап, жауапқа тарту қиынға соғады екен. 

Алексей Алексеев, Автосарапшы:

- Бар мәселе олардың жол ережесін білмейтіндерінде. Кез келген жерде қалай болса солай жүріп, жол көлік оқиғасына себепкер көбінесе солар. Бірақ жазаланып жатқан бірі де жоқ. Осының барлығы жүргізуші қуәлігі мен мемлекеттік нөмірінің болмауынан. Егер тіркеуде тұрса өздері мен өзгелер үшін сақ жүрер еді.

Самокатқа мінетіндердің максималды бойы мен салмағына да шектеу қойылуы мүмкін. Бұл да электрлі көлік құралымен бірге жүретін құжатта көрсетілуі тиіс. Алайда үш жылдан бері аталмыш көлік құралын тақымдаған Ақжол Ашубаев негізгі мәселе бұл емес дейді. Ең алдымен қалада веложолақтың санын арттырып, емін-еркін қозғалуға мүмкіндік жасалуын сұрайды. 

Ақжол Ашубаев, Алматы қаласының тұрғыны:

Халықтың қауіпсіздігіне ғой. Сол себепті бұл дұрыс. Бірақ та ойға сыйымды болу керек. Яғни тек біздің мүмкіндігімізді шектемей, керісінше жол жақсы болса. Қалада өйткені аз. Көп жерге біз бара алмаймыз. Көп жерге бару үшін біз көлік жолына шығамыз. Немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүріп кетеміз. Сәйкесінше ол бізге де қауіпті және жаяу жүретін адамдарға да қауіпті.

Ішкі істер министрлігіндегілер стандарт арқылы жол бойындағы тәртіпті сақтап, түрлі апаттық жағдайдың алдын алуға болатынына сенімді. Алайда жол ережесін бұзса қандай жазаға тартылары сол күйі нақтыланбаған. Самокат мінгендер велосипед пен автобусқа арналған жолақпен немесе жолдың оң жақ шетімен емін-еркін қозғала береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде