Жарты ғасырдан бері газға жарымаған
Алматыда 60 отбасы 60 жылдан бері көгілдір отынсыз отыр. Жарты ғасыр газға жарымаған Алатау шағын ауданының тұрғындары осылай деп наразылықтарын білдірді. Көпшілік көгілдір отынның орнына газ баллондарын қолданып жүр. Мәселені көтеріп, әкімдіктің талай табалдырығын тоздырғанымен, әлі күнге дейін еш нәтиже шықпапты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
06.07.2022
- Міне мен баллонмен отырамын. Осының қай күні жарылып, өлтенімізді білмейміз. Өйткені, мен қорқамын осы баллон жарылып кете ма деп. 21ші ғасырда осындай баллонмен өмір сүріп жатырмыз.
Дана Әбдірахман көгілдір отынның жоқтығынан газ баллонды айына 2 рет сатып алады. Шыбын жанын ойлап, шыр-пыр болған ана осы уақытқа дейін сыздықтап жанатын отпен ас әзірлесе, кейбір көршілері тіпті қауіпті баллонмен қысты күні үйлерін жылытады екен.
Дана Әбдірахман, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бізде қыс бойы елдер 67 баллонды толтырады да үйлерін жылытып отыр. Мен елдердің үйлерін тықылдатамын газ шығып тұр деп. Мен қыс бойы ұйықтамаймын жанымды шүберекке түйіп. Өйткені, жалғыз бала бағып отырмын. Қай күні жарылып кететінін білмейін. 08:16 Мен төтеншеліктерді шақырдым, әкімдікке бардым. Ешкімнен ешқандай көмек жоқ.
Газға жарымаған 2 қабатты 2 үйдегі 60 отбасы мәселенің шешілмеуі әкімдіктің әрекетсіздігінен көріп отыр. Өйткені, атқамінерлер бір айдың ішінде 8 рет тұрғындармен көріссе де, тындырған түгі жоқ дейді.
Сақыпжамал Дайырова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бәрімізге айтады ана жаққа, мына жаққа барасыңдар деп. Олар бізге айтады, «пристройка» жасамаса қосылмайды деп басында айтқан. 05:45 Жалғыз менің үйім өртенсе жақсы, 30 үй өртенсе қайда барамыз. Кімнің есігіне барамыз.
Ал, газға жауапты мекеменің жауабы дайын. Баспаналарға әлі күнге дейін көгілдір отынның жүргізілмеуіне тұрғын үйлердің техникалық нормаларға сай келмеуі себеп дейді олар.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ:
- Аталған тұрғын үйлерді газдандыру газ тұтыну қондырғыларын пайдалану кезінде көзделген техникалық регламенттер сақталған жағдайда мүмкін болады.
Енді жұрт өз беттерінше баспаналарын талаптарға сай қылып, құрылыс жұмыстарын жүргізуі керек. Дегенмен, бұл шаруа өте қауіпті. Ал, мамандар тексеріс жүргізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын өткізумен ғана шектелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!