5 жасар Аланаға
Астаналық бүлдіршінге шұғыл көмек керек! Миынан ісік анықталған 5 жасар Аланаға ұзақ мерзімді және қымбат ем-дом жасамаса болмайды. Күн санап халі нашарлап бара жатқан қызды емдеуге 150 миллион теңге керек.
Автор: Салтанат Шырынхан
06.07.2022
Алана бір ай бұрын ғана балабақшада ойнап-күліп жүрген. Аяқ астынан екі көзі тартылып, аяқтарын шалыс баса бастапты. Дереу дәрігерге жеткен ата-анасы балаларының диагнозын естігенде естерінен тана жаздаған. Артынша Түркияға аттанған олар бүлдіршінге екі ота жасатып үлгерді. Қазір Алана тіптен жүруден қалған. Мидың арасында пайда болған ісікке енді пышақ тигізуге болмайды. Әзірге химиялық терапияның түр-түрін ұзақ уақыт қабылдау керек. Ал оның бағасы удай қымбат. Сондықтан басына қиындық түскен отбасына қаржылай көмек аса қажет.
Тоқжан Шаймардан, Алананың анасы:
- Барлық Қазақстандықтардан көмек сұраймын! Қызымның өмірін сақтап қалуыма қол ұштарыңызды созсаңыздар екен. Дерті сирек кездесетін және қымбат емді қажет ететін диагноз. Қызғалдағымды аман алып қалғым келеді. Сіздерсіз менің күшім де, материалдық жағдайым да жетер емес. Қаржылай көмектесіңіздерші өтініш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!