{metadescription}
Дүлей дауыл үш ауылдың астаң кестеңін шығарды
Дүлей дауыл үш ауылдың астаң кестеңін шығарды

Дүлей дауыл үш ауылдың астаң кестеңін шығарды

Дүлей дауыл Ақмола облысындағы Зеренді ауданының 3 ауылын әп сәтте астан кестеңін шығарды. 10 шақты үйдің шатыры жұлынып, қоршауларын қиратқан. Тіпті ауыр техника аударылып қалған. Электр сымдары үзіліп, салдарынан 300 ге жуық үй жарықсыз отыр.

Дәл түс кезінде ауылда жайбарақат жүрген  жұрт тасырлап бұршақ жауа бастағанда тым-тырақай қашыпты. Өйткені жауынның арты дүлей дауылға ұласқан. Небәрі 10 минуттың ішінде шатырлар ұшып, қоршаулар қирапты. Ауыл мектебінің де төбе жабындысы. Ең қауіптісі электр желілері үзіліп, бағаналары сұлап жатыр. Әйтеуір мал-жан аман дейді Ақадыр ауылының тұрғындары. Қазір одан басқа Еңбек-бірлік, Ұялы ауылдарында да арнайы комиссия шығынды есептеуге кірісті.

Қайрат Қасым, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта жөндеу бригадалары да сол елді мекендерде жұмыс істеп жатыр. Арнайы комиссия шығынды есептеп, өтемақы мәселесін қарастыратын болады. Сондайақ, ауыл тұрғындарының қора-қопсылары да бүлінді. 300 ге жуық абонентке әлі электр жарығы берілген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде