Коронавирус жұқтырғандар азаймай тұр
Елімізде коронавирустан екі мың адам емделіп жатыр. Он бес науқастың жағдайы тым ауыр. Осылайша күн сайын қауіпті кесел жабысқан жандардың қатары көбейіп барады. Кешелі бері 334 адамның сынамасынан вирус анықталған.
Автор: Салтанат Шырынхан
08.07.2022
Әдеттегідей көңіл көншітпейтін көрсеткіштің көш басында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Екі қалада да ковидті жұқтырғандар саны жүзден жоғары. Қарағанды және Алматы облысы мен Шымкент қаласында да соңғы тәулікте дерт 20-дан астам адамнан табылған. Дәрігерлерлердің айтуынша, елімізде қазір омикрон штамы жүріп жатыр. Яғни жеңіл өтеді, тез тарайды екен. Жалпы коронавирус пандемиясы басталғалы осы кеселге шалдыққандардың саны 1 млн 300 мыңнан асқан. Осы уақыт аралығында 13663 науқастың беті бері қарамай, бақилық болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!