{metadescription}
Алматыда ауру асқынды
Алматыда ауру асқынды

Алматыда ауру асқынды

Қауіптің "сары" аймағындағы Алматыдағы жағдайды бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов келіп, дәрігерлермен кеңес өткізді. Қалада соңғы уақытта ковид жұқтырғандар саны екі есе өскен. Науқастардың қанынан негізінен "стелс омикрон" штамы табылуда. Эпидахуалдың нашарлауы бірінші кезекте сақтық шараларының сақталмауынан дейді мамандар. Өйткені, ауру жұқтырып жатқандардың да дені вакцина алмағандар.

Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Алматы қаласындағы короновирустық инфекцияның сырқаттанушылығынің өсуінің себебі - бұрын айналымдағы омикрон штаммының және ковид 19 вирусының омикрон штаммының өте жұқпалы мутацияланған кіші түрінің «стэлс-омикронының» жандануы. Осы жылдың маусым айында күрделенген түрде болды.

- Стэлс қанша пайыз?

- Стэлс бізде... Өткенде біз 74 пробаны Рсс-ке скринингке жібердік. Сол 74 пробаның 16-сында омикрон, қалғандарының барлығы стэлс омикрон болып анықталды.

Жаппай медициналық бетперде киген дәрігерлердің Тоғжановқа берген мәліметі бойынша, өткен тәулікте 121 алматылық кесел жұқтырса, жансақтау бөлімінде 2 науқас жатыр. Инфекциялық стационарларда 87 адам дәрігердің бақылауында. Вирус жұқтырғандардың 90 пайызы жеңіл түрде өтіп жатыр екен. Қатаң шектеулерді енгізбеуіміздің негізгі себебі де осы дейді вице-премьер. Тоғжанов көптен бері шу болған «Артспорт» бағдарламасына да тоқталды. Ақша таусылып, үйірмелерден табыс тауып жүрген кәсіпкерлер барлық өңірде наразылық білдірген болатын. Қазір «Артспортты» тексеретін комиссия құрылыпты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Олар айтады ақшаны бәріне бөлу керек деп. Кеше мен сұрадым олардан қанша ақша бөлу керек деп. Біріншіден, олардың бәрін қазір тексеріп жатырмыз. Олар тариф төмен деген әңгімені айтады. Тарифтің бәрі есептелу керек. Шымкент бойынша қазір директорлардың бәрі шығып жатыр. 20 пайызға дейін олар сәйкес келмейді. 20 пайызға дейін балалар далада қалып қойған. Қағаз жүзінде бәрі өтті деп жазылған. Қайда ол балалар?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.