{metadescription}
Газға тұншыққан тұрғындар талап қойды
Газға тұншыққан тұрғындар талап қойды

Газға тұншыққан тұрғындар талап қойды

Атыраудағы мұнай және газ өңдеу зауытының іргесінде орналасқан үйлердің тұрғындарын өздерін көшіруді талап етуде. Өйткені күні-түні зауыттың гүрілден даусы мен исіне тұншыққандар  есік-терезені ашып тыныстаудан қалған. Осыдан бес жыл бұрын дәл осы өндіріс маңдағы жүздеген баспана басқа жаққа қоныс аударылған болатын. Ал отызға жуық үй сол бойы қалып қойыпты. Себебі олар санитарлық қорғау аумағына жатпайды дейді жауаптылар. Наразылық білдіргендер де осы отыз үйде тұратындар.

Бұл Атырау мұнай және газ өңдеу зауытының іргесіндегі үйлер. 2017 жылы осы маңдағы екі жүзге жуық тұрғын үй  көшірілген. Алайда он адым жердегі отызға жуық баспана сол күйі қалып қойыпты. Оларға санитарлық  қорғау аймағына  жатпайсыздар деген жауап келген. Алайда зауыттың күні-түні гүрілдеген қатты шуы мен сасық иісіне тұншыққан тұрғындар талай жылдан бері әкімдердің табалдырығын тоздырғандарын айтады.  

Әділбек Есқалиев, Атырау қаласының тұрғыны:

Атырау мұнай өңдеу зауытының маңындағы үйлердің жартысын көшіріп, жартысын қалдырды. Енді иісінен терезе аша алмаймыз. Зауыттың дауысы деген күй жоқ. Есік терезе аша алмаймыз. Әкімдерге де бардық. Бәріне айттық. Бірақ нәтиже жоқ.

Мәрия Аманжолова, Атырау қаласының тұрғыны:

Форточка ашық тұрса, таңғы сағат үште, бес алтыда иістен отыра алмаймыз. Сонда біз қалай күн көреміз мынаумен. Жақсы менің жасым келді ғой. Менің артымда балаларым бар.Немерелерім бар. Олар мынаумен қалай өмір сүреді. Бізді ойлайтын бір адам бар ма? Үкімет бар ма?

Ашынған тұрғындар экологиясы бұзылған аумақта түрлі ауру өршіп, өлім-жітім көбейді дейді. Қатерлі ісікке шалдыққандар да аз емес екен. Осының барлығы өндірістің салдары дейді жиналғандар. Түн ішінде өткір иістен оянамыз деген үлкендер балаларының денсаулығына алаңдап отыр. Тұншығып отырсақ та,  зауыт маңындағы ауаны өлшейтін мамандар бәрін  тап-таза етіп шығарады деп наразы.

Ұлжан Шалагереева, Атырау қаласының тұрғыны:

- Экологияны тексереміз деп келеді. Осындай жаймашуақ күні келеді. Бәрін қарайды. Сосын келесі күні келедіСіздерде ешқандай зиян ештеңе жоқ, экология таза деп кетеді. Мына жердегі елдімекендегілердің бәрін көшіріп жіберді сонда олардың тұрған жерлері зиянды болды да біздің отырған жеріміз зиянсыз боп тұр ма?

Тұрғындар бұл ықшамауданды жергілікті атқарушы органдар ұмыт қалдырды, 60-70 жылдан бері жол жоқ, әкімнің не депутаттың бұл маңға аяқ басқанын көрмедік деп ашынды. Наразы халыққа келген шенеуніктер мәселенің шешу жолдарын қарастырамыз деп уәдені үйіп-төкті. 

Фараб Қуанышқалиев, Атырау қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Мұнай өңдеу зауытының исі бойынша, дауысы бойынша ұсыныстарды басшылаққа жеткіземіз. Осы жерде нақты қанша үй қалғанын анықтап, асфальт жол түсіруге, контейнер қоюға жұмыстанамыз.

Ал, Атырау мұнай және газ өңдеу зауытының өкілдері тұрғындардың талабынан хабардар екен. Бірақ бұл баспаналар санитарлық қорғау аумағына жатпайды дейді. Сондықтан тұншыққан тұрғындардың мәселесін жергілікті әкімдік шешсін деп отыр. Ал, ашулы халық бұл мәселені енді облыс басшысының алдында көтермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.