Алаяқтар талайды тақырға отырғызған
Петропавлда аңқау жұртты алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапқан тағы бір алаяқтар тобы пайда болды. Олар несие рәсімдеп жүрген «банк қызметкерлерін» ұстаймыз деген сылтаумен талайды тақырға отырғызған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
08.07.2022
Юрий Фомин, жәбірленуші:
- Олар маған банк қызметкерлерін тексеру үшін хабарласып тұрғанын,атыжөнін,тіпті жеке куәлігінің нөміріне дейін айтты. Қайта қоңырау шалып тексертті. Шынымен сондай адам жұмыс істейді деді. Және де қолында мен туралы толық мәлімет бар екен. Банктен алған болар деп сеніп қалдым.
Банктегілердің алаяқтығын әшкере етеміз дегендер өздерін Ұлттық банк, басқа да түрлі деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметі немесе полиция қызметкері болып қоңырау шалады екен. Клиенттерге миллиондап несие рәсімдеп, алдап келген менеджерлерінің қылмысын дәлелдеу тіпті тегін екенін айтқан. Күдіктілер бар бірақ, дәлел жетпей тұр деп түсіндірген. Сол үшін несие алып, аталған арнайы есепшотқа аударуын өтінген.Мәселен, қала тұрғындарының бірі екі рет несие рәсімдеп 4 миллион теңгесін аударыпты.Полиция интернет-алаяқтарын табу өте қиын екенін, сондықтан алданған тұрғындардың ақшасын қайтарып алуы екіталай екенін айтады.
Анель Бушмакина, Петропавл қалалық ПБ аға тергеушісі:
- Соңғы кездері мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Жалған банк қызметкерлері атынан, тіпті полиция департаменті басшыларының атынан да хабарласып жүр. Талай ескертілді де. Азаматтарға ондай қоңырау шалғандарға, тіпті телефон арқылы мәлімет бермеуге шақырамыз. Ол қызметкерлер есеп шотқа дейін айтып хабарласпайтынын тағы да ескертеміз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!