{metadescription}
Елена Рыбакина мемлекет берген сыйақыдан бас тартты
Елена Рыбакина мемлекет берген сыйақыдан бас тартты

Елена Рыбакина мемлекет берген сыйақыдан бас тартты

Теннистен Уимблдон турнирінде топ жарған отандасымыз Елена Рыбакина мемлекет берген сыйақыдан бас тартты. Спортшы өзіне ұсынған қаражатты қайырымдылыққа, жас буынның дамуына жұмсауды жөн деп шешкен. Рыбакина "үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жеткен алқашқы қазақстандық. Осы жеңістен кейін әлеуметтік желіде қызу талқы басталып кетті. Мұндай тартысқа спортшының 2018-ші жылға Ресейдің атынан өнер көрсетуі себеп. Рыбакинаның өзі бұған қатысты не айтты?

Елена Рыбакинаааааааа! Чепионка Уимблдона...

Дәл осы тарихи сәтті мыңдаған қазақстандық жанкүйердің қайталап көргені анық. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар Уимблдонда қазақстандық спортшы бірінші рет жеңіске жетіп отыр. Елена Рыбакина "Үлкен Дулыға" турнирінде финалға дейін канадалық, қытайлық, хорватиляық, австралиялық, румыниялық қарсыластарынан басым түссе, ақтық сында әлемнің екінші ракеткасы Унс Джабирді тізе бүктірді. Ол үшін берілетін сыйақы да қомақты - 2 миллион фунт стерлинг. Бұл біздің теңгемен бір миллиард 140 миллионның шамасында. 

Марапаттау рәсімі...

Отандасымыздың жеңіс тұғырынан көрінгені сол еді, ресейлік басылымдар: «Біздің қыз», «Мәскеулік Лена Уимблдонда топ жарды» деп жарыса жазды. Бұған себеп Рыбакинаның Мәскеуде дүниеге келуі және 2018 жылға дейін Ресей атынан өнер көрсетуі. Бұл сұрақ жарыстан кейінгі баспасөз конференциясында Рыбакинаның өзіне де қойылды.

Елена Рыбакина, теннисші:

Ағылшыншам үшін кешірім сұраймын әрине. Мен Қазақстанның атынан шығамын. Мен қайда туылатынымды таңдаған жоқпын ғой. Маған сенді, Қазақстан мені қолдады. Тіпті бүгін де мен өте үлкен қолдауды сезіндім, естідім. Жанкүйерлер арасынан Қазақстанның туын көрдім.

Солтүстіктегі көршілеріміздің Рыбакинаны меншіктегенімен біздің сарапшылар келіспейді. Өйткені, Рыбакинаның кәсібилігін шыңдауға Қазақстан теннис федерациясының үлесі зор. Әрі Елена қазақ теннисінің тарихында  шет елде туып, кейін Қазақстанға қоныс аударған алғашқы спортшы емес. Бұл қатарда Михаил Кукушкин, Яровлава Шведова секілді әлемдік додаларда топ жарғандар бар.  

Олжас Байбосын, Спорт сарапшысы:

Рыбакинаның  теннисші болып қалыптасуына кәсіби ол Қазақстан теннис федерациясының еңбегі деп айтуға болады ол. Өйткені ол мысалға Словенияда жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Рыбакина енді мысалға өзінің кәсіби деңгейін жалғастыруға ары қарай ақшасы жетпеген ғой енді. Қымбат спорт түрі ғой теннис. Сол кезде біздің федерация ұсыныспен шыққан келді азаматтық алды. Сондықтан да ол 2018 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматы. Ол біздің теннисші. Біздің теннисшінің жеңісі. Біздің федерацияның жеңісі.

Осылайша қаражат тапшылығынан спорттық мансабын аяқтаудың сәл-ақ алдында тұрған спортшыға Қазақстан теннис федерацияы жаңа мүмкіндік сыйлаған. Әрі өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында әлемнің ең беделді теннис турнирінде жеңіске жетіп отыр дейді федерация басшылығы.

Болат Өтемұратов, Қазақстан теннис федерациясының президенті:

- Мен Еленаның табысына өте қуаныштымын. Ол әлемдегі ең күшті теннисшілермен өткен ойындарда дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Бұл күтпеген нәтиже деуге болмас. Рыбакина біртіндеп шеберлік шыңына көтеріле білді. 2018 жылы әлемдік рейтингте 200 теннисшінің соңында болса, 2019 жылы қырық үздіктің қатарынан табылды. 2020 жылды 19-ыншы, 2021 жылды 14-ракетка ретінде қорытындыласа, биыл 12-сатыға көтерілді. Мұның бәрі ерте ме, кеш пе, үлкен жеңістерге әкелетіні анық еді.

Сарапшылар Рыбакинаның Уимблдон бәйгесінде топ жаруы ендігі онжылдықта жаңа чемпиондардың пайда болуына серпін болатыны анық деп сенеді. Қазірдің өзінде Бейбіт Жұқаев, Жібек Құланбаева, Аружан Сағындықова, Заңғар Нұрланұлы секілді жас теннисшілердің аяқ алысы көңіл қуанатады.

Ал, Елана Рыбакинаның өзі Уимблдонда топ жарғаны үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан бас тартты. Спортшы, бұл қаржыны қайырымдылыққа және өзінін кейінгі тенниске әуестенген қыз-жігіттерді қолдауға жұмсау жөн деп шешкен. Әлем назар аударған отандасымыз бүгін түнде елге оралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде