{metadescription}
Алматыда індет өршіді
Алматыда індет өршіді

Алматыда індет өршіді

Алматы коронавирус таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа жақындады. Өйткені шаһарда көрсеткіш күн сайын өсіп жатыр. Соңғы тәуліктің өзінде індетпен 200 адам тіркелген. Ауырғандар санының қайта артуына байланысты карантин талаптары да қайта қаралуы мүмкін. Әзірге санитар мамандар тұрғындардан екпе салдырып, жабық нысандар да бетперде тағуды сұрады.

Әсел Халықова, Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Дәл бүгін не ертең Алматы «қызыл» аймаққа кіреді деп кесіп айта алмаймыз. Барлығы індеттің өршуі мен жұқтырушылар санының өсуіне байланысты. Омикрон штамы жүріп жатқандықтан таралу тез жүруде. Алайда жеңіл өтеді. Әзірге «сары» түске сай талаптар сақтала береді. Яғни көпшілік жиналатын, жабық нысандарда бетперде тағу міндетті.

Алматыда кеселді жұқтырғандардың көбі 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар. Арасында екпе салдырмай, ревакцинация уақыты да өтіп кеткендері көп. Сол үшін мамандар қалада қазір дертке қарсы дәріні егетін 85 пункт бар екенін еске салды. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан қаласы да «жасыл» мен «сары» деңгейдің шекарасында тұр. Елордада індет соңғы тәулікте 118 адамның сынамасынан табылған. Ал Алматы облысы мен Шымкент қаласында дертке шалдыққандар 20-дан жоғары. Жалпы елімізде коронавирустан үш мыңға жуық адам емделіп жатыр. Он төрт науқастың жағдайы ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде