{metadescription}
Туған анасын өлтірді деп күдікке ілінген оқушының соты басталды
Туған анасын өлтірді деп күдікке ілінген оқушының соты басталды

Туған анасын өлтірді деп күдікке ілінген оқушының соты басталды

Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысы сот алдында жауап бере бастады. Ол өзінің туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Айыпталушылар қатарында жасөспірім қызбен бірге оның 18 жастағы жігіті де бар.

Қанды қылмыс биыл сәуір айында болған. Тергеу мәліметі бойынша, екі күдікті 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконға тығып қойған. Мәйіттен жағымсыз иіс шықпау үшін қыз бен жігіт оған сірке суы мен сода құйып жүрген. Тек төртінші күн өткенде ғана жігіт қылмыс жасағанын ағасына айтқан. Туысы дереу полицияға баруға кеңес беріпті. Жас жігіт кінәні өз мойнына алып отыр. Айтуынша, 16 жастағы мектеп оқушысы да анасының бірнеше жеріне пышақ тыққан көрінеді. Бойжеткеннің ешқандай туысы жоқ, әкесіз өскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде