{metadescription}
Трансұлттық қылмыстық топ жазадан құтылып кетті
Трансұлттық қылмыстық топ жазадан құтылып кетті

Трансұлттық қылмыстық топ жазадан құтылып кетті

Петропавлда көлік контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ жазадан құтылып кетті. Жапониядан темір тұлпарды заңсыз тасымалдағандар рақымшылыққа ілігіп, тәркіленген көліктері өздеріне қайтарылатын болды.

Ресей арқылы Жапониядан Қазақстанға қымбат автокөліктерді заңсыз тасымалдаған топ былтыр құрықталған еді. Олар жылжымалы мүлікті ел аумағына қосалқы бөлшек ретінде өткізіп, кейін ресейлік жалған құжат пен мемлекеттік нөмір жасап сатты деп айыпталған болатын. Топ мүшелері - Қазақстан және Ресей азаматтары. Алайда істі қараған судья Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына кірген көліктердің контрабанда екенін дәлелдейдін айғақ жоқ деп тапты. Сондай-ақ, ел аумағында олардың көлік құралдарын өткізумен айналыспағаны анықталған. 

Ерлан Нұршарыпов, СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Біз сіздерге оңалту құқығын қалдырдық. Яғни, үкім заңды күшіне енгеннен кейін, сіздер қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері салдарынан туындаған азаматтық құқықтарыңызға нұқсан келтіргендері үшін  моральдық өтемақы талап етуге құқылысыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде