{metadescription}
Алексей Цой да Біртановтың сотында куәгер болады
Алексей Цой да Біртановтың сотында куәгер болады

Алексей Цой да Біртановтың сотында куәгер болады

Алексей Цой да Біртановтың сотында куәгер болады. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі экс-бастығының ісіне мемлекеттік айыптаушылар тарапынан келмек. Бұған Біртановтың өзі де қуанып отыр. Ол кезінде орынбасары болған Цойдың айтқандары сот процесінің әділ жүруіне ықпал жасайды деп сенеді.

Елжан Біртанов, айыпталушы:

- Бұрынғы министр айыптаушы тараптан, яғни прокурорлардың айыбын нақтылау үшін куәгер болып шақыртылмақ. Сот алдында бәріміз тек шындықты айтуымыз керек. Алексей Цой біздің сұрақтарға да жауап береді. Заң аясында жауап берсе, қорғаушы тараптың куәгері болады деп есептеймін. Біздің ешқандай байланысымыз жоқ. Бұл істің негізгі фигуранттары болғаннан кейін, қарымқатынасымыз заңмен шектелген.

Бүгін Елжан Біртанов пен тағы бір айыпталушы вице-министр Олжас Әбішев алтыншы рет судьяға қарсылық білдірді. Бұл жолы сот, процес барысында тілшілерге аудио және видеожазба таратуға тыйым салған болатын. Журналистерге тек сұрақ-жауапты көруге рұқсат етілген. Айыпталушы тарап бұған қарсы. Соттағы айтылған шындықтан барлығы хабардар болуы керек деп санайды олар. Әрі өздерінің "сүттен ақ, судан таза" екенін ақпарат құралдарының алдында дәлелдегісі келеді екен. Сондықтан, бұған рұқсат етпеген судьяға айыпталушы тарап сенімсіздік білдіріп отыр. 

Олжас Әбішев, айыпталушы:

Соңғы екі жылда қоғам ішінде мен ақша ұрлады деген пікір қалыптасты. Басында 127 миллион деді, сосын 500 миллион, былтыр 1,5 миллиард теңге шығын келтірді деді. Қоғам мені ұры деп ойлады. Сот басталып, тергеу басталғанда бұл айыптау дәлелденбеді. Міне осындай шын ақпараттар тарап кетпеу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының түсіруіне, ақпарат таратуына тыйым салынып отыр. Өйткені о бастан жазықсыз адамдарды ақша ұрлады деп айыптағанын, тергеуде қателік болғанын жасырғысы келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде