Елена Рыбакина төлқұжатын көрсетіп, азаматтығын дәлелдеді
Төлқұжатын көрсетіп, азаматтығын дәлелдеді. Уимблдонда топ жарған отандасымыз Елена Рыбакина өзінің Қазақстан азаматы екеніне күмән келтіргендерге бүгін осылай жауап қайтарды. Еске, салайық әлем назарын аударған теннисшіміз кеше түнде елге оралған. Елорда әуежайынан оны жанкүйерлер сән-салтанатпен күтіп алды. Арасында лауазымды билік өкілдері де бар.
Автор: Елдос Есенбол
12.07.2022
Сән-салтанаты жарасып бауырсақ пен қымыз ұсынған қыздар, домбыра мен баянын асынған жігіттер, құшағын гүлге толтырған жайкүйерлер. Қазақ теннисінің тарихын жаңа парақтан бастаған Елена Рыбакинаны осылай күтіп алды. Алыс жолдан шаршап келсе де спортшы бірнеше жанкүйердің көңілін жықпай қолтаңбасын берді. Артынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанавтан гүл шоқтарын қабылдады.
- Тоғжанов бетінен сүйіп гүл беріп жатыр.
Ал, бүгін спортшыны Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қабылдап, кеудесіне екінші дәрежелі «Достық» орденін тақты. Кейін Елена Рыбакина баспасөз конференциясында тілшілер сауалына жауап беруге шықты. Жүлдесін қоса ала келген екен. Бір сағатқа созылған сұрақ-жауап алаңында спортшының қай ел азаматы екені тағы сұралды. Тілшілердің бұлай мазасыздануына ресейлік теннисші Евгений Кафельниковтың желідегі жазбасы да себеп болғандай.
Евгений Кафельников:
- Дайын өнімді өндірушіден сатып алу үшін аса көп ақылдың қажеті жоқ. Егер өнім көп болса тіпті оңай. Мен өзөзін дамытуға қаражаты жеткіліксіз 10-12 жас аралығындағы біраз талантты Қазақстанға ұсына аламын. Сол кезде барлығы түсінікті болады.
Бірақ, Елена бұл пікірмен келіспейді. Өйткені, Ресей туының астында жеткен жетістігінің барлығы жасөспірімдер санатына есептеледі. 90 пайыз теннисшілердің мансабы осы кезеңде тоқтап қалады екен. Ал, ересектер спортына ауысар тұста Рыбакинаның алдында екі таңдау тұрыпты. Бірі, Америка Құрама Штаттарына оқуға түсу. Енді бірі Қазақстанға келіп кәсіби мансабын жалғастыру. Менің таңдауымның нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар дейді Рыбакина. Ал, өзінің Қазақстан азаматы екендігіне күмән келтіретіндер үшін төлқұжатын көрсетіп нүктесін қойды.
Елена Рыбакина, Теннисші:
- Міне, барлық дәлелім бар... Менің спорттық мансабым Қазақстанда дамып жатқанына өте қуаныштымын. Қазір жеткен жетісігімнің барлығы біздің ортақ жеңісіміз деп айта аламын.Біз бірбірімізді дер кезінде таптық деп ойлаймын. Үнемі мұндағы жайкүйерлердің қолдауын сезінемін. Өкінішке қарай мұнда сирек келемін.
Спортшының мұнда сирек келемін деуі күн тәртінің тығыздынан. Қазір бір жерде тұрақтамаймын дейді ол. Өйткені, тоқтаусыз жаттығулар, жарыстар. Өз-өзіме келгеннен кейін келесі турнирлерге дайындықты бастаймын дейді Рыбакина.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!