Жұмысшыны алып техника турап тастаған
Денесін турап тастаған! Алматы облысында қиыршық тас шығаратын зауытта көз жұмған жұмысшының туыстары материалдық шығынды өтеп беруді талап етті. Қара жамылған отбасы кәсіпорында техникалық қауіпсіздіктің сақталмағанына да наразы. Қайғылы оқиғадан кейін қозғалған қылмыстық іс те тоқтатылып тынған екен. 42 жастағы Ринат Құндақбаевтың жақындары соны қайта қозғап, кінәлілер тиісті жазаға тартылсын деп отыр. Тек ол оңайға соқпайтын сыңайлы.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.07.2022
42 жастағы Ринат Құндақбаевтың өлімі төрт баламен жесір қалған жұбайына ауыр соққы. Өйткені жігіт ағасы үйдің жалғыз асыраушысы болған. Күйеуін жер қойнына тапсырғананына үш ай өтсе де, көпбалалы ананың жүрегі әлі де қан жылайды.
Айторы Құндақбаева, Р. Құндақбаевтың жесірі:
- Барлығы соның мойнында болатын. Өзі асырайтын. Өте қиын бізге сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. 05.51 Кінәлі адам жазасын алсын. Ол бастық сол жерде. Сол аумаққа жауап беретін. Ол әлі жұмыс істеп жатыр. Ештеңке өзгерген жоқ оларда. 06.16 Тек қана біздің өмірімізде өзгеріс болып отыр. Ең жақын адамымыздан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмыз.
Қиыршық тас шығаратын зауытта слесарь болып еңбек еткен Ринат 5-ші сәуірде көз жұмған. Кесек тастарды ұсақтайтын құрылғыға құлаған жұмысшының денесін алып техника турап тастапты. Сүйегі уатылып, ауыр жарақат алған атпалдай азамат оқиға орнында жан тапсырған. Қаралы күнді есіне алған марқұмның туыстары кәсіпорында техникалық қауіпсіздік мүлдем сақталмады деп отыр.
Жанар Құндақбаева, Р. Құндақбаевтың әпкесі:
- Барсақ дәу трактор темірдің ішінде ит, мал сияқты жатыр екен. Бетінің барлығын жауып тастапты. Ұстасам жыпжылы болып тұр. Денесінің барлығы былқ-сылқ. Көрініп тұр сүйегінің барлығы сынып кеткен. Ешқандай қауіпсіздік техникасы сақталмаған. Сол күні инструктаж жүргізілмеген. Мен тергеушіге барып сол журналды көргем.
Қайғылы оқиғадан кейін «Жеті Тас» серіктестігінің өкілдері қара жамылған отбасыға көңіл айтып, көмек көрсетеміз деп уәдені үйіп-төгіпті. Шулатпауды өтінген зауыт басшысы марқұмның несиесін жауып, бала-шағасына үй алып беруге де келіскен. Алайда айтылған сөз іс жүзінде жүзеге аспады дейді Құндақпаевтар әулиеті.
Жанар Құндақбаева, Р. Құндақбаевтың әпкесі:
- Біз сұраған жоқпыз. Олар өздері келіп айтты. Біз көмектесеміз. Балаларын өсіреміз. Қандай өтініштеріңіз бар. Барлығын жасап береміз деді. Сосын мен өзім айттым. Балашағаға пәтер алып беріңіздер деп. Жарайды алып береміз деді. Бір-екі айда шешілетін мәселе деді. Күтттік. Жетісіне келіп, кішкене азық-түлік алып келді. Содан бері тыныш.
Зауыт басшысы қазір өтемақы түгілі, мән-жайды түсіндіруге де құлықсыз. Тілшілерден қашқан ол барлығын полициядан сұрап алыңдар деп жүре жауап берді. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабымен іс қозғаған екен. Бірақ кейін жазатайым оқиға деп танылып, іс тоқтатылыпты.
Ернар Сайділдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
- Тергеу барысында полиция қызметкерлері барлық ісшараларды жүргізді. Нәтижесінде аталған дерек жазатайым оқиға деп танылып, ол бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда тараптар заңдық тәртіппен жоғарғы органға шағымдануға құқылы.
Мәселені енді сотпен шешуден басқа амал жоқ. Өйткені, марқұм зауытпен тек шарт бойынша жұмыс істепті. Толыққанды келісім болмаған соң мәселеге Еңбек инспекциясы да араласа алмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!