{metadescription}
Жайылым үшін жан пида
Жайылым үшін жан пида

Жайылым үшін жан пида

Ақмола облысындағы Ақадыр ауылында жер дауы ушығып барады. Тұрғындар ауыл іргесіндегі бір жарым мың гектар жайылымды 49 жылға жалға алған серіктестікке бермейміз деп отыр. Өйткені, бұл жер жекенің қолына өтсе төрт түліктің тебіндейтін жайылымы тарылады. Сондықтан жайылымды жыртып, егін екпек болған «BAYAT – AGRO» серіктестігінің техникаларын тоқтатып, 500-ге жуық тұрғын өре түрегелді.

Малмен жан бағып отырған Ақадыр ауылынан өріске 5 табын шығады екен. Елден 200 метр ғана жердегі жайылымды жыртып, егістікке айналдырса, онда күкөрісіміз қиындайды ,-дейді ауыл жұрты. Сондықтан жайылымнан қайтсе де айрылғылары жоқ.

Облыс орталығынан небәрі 25 шақырым жердегі Ақадыр ауылы ыдырап, халық қалаға үдере көшкенде Монголиядан 100 отбасы осы жерге қоныс аударыпты. Содан бері 25 жыл өтіп, таза қазақи ауылда мал мен жан басы да көбейген. Тіпті жаңадан мектеп салынып, 120 бала білім алып жатыр екен. Енді айрандай ұйған ауылдың тыныштығын трактордың дауысы бұза бастады. Ауыл іргесіндегі жайылымды жыртып, егін себеміз деген серіктестікпен халық күнде айқайласады екен.

Трассаны жабамыз! Трактористі сабаймыз! Тракторист таяқ жейді.күзет қоямыз! Бірдеңе болып кісі өлімі шығатын болса,үлкен дау болады!

Қайрат Жәуенұлы, Ақадыр ауылының тұрғыны:

Біз Үкіметтен ешқандай тамақ сұрамаймыз. Киім сұрамаймыз! Біз 25 жыл осыдан тамақ сұрап көргеміз жоқ, ақша сұрап есігін қағып көрген жоқпыз. Неге біздің іргемізден басып,мынау енді ұят қой. Ауыл міне тұр,көріп тұрсыздар.

Өрісі малға толы берекелі ауыл ет пен сүтті де, қымызды да қалаға апарып өткізеді екен. Сары қымыз сапырған ақадырлықтар жайылымын сырттан келгендерге бермес үшін күзет ұйымдастырған. Облыс,аудан басшыларына да талай шағым айтқанымен,  жекеге 49 жылға жалға өтіп кеткен жерге  араша түсе алмаймыз,-деген. Ал егістік үшін мұншама жайылымды алған серіктестік ауыл тұрғындарының қарсылығынан 3 ші жыл егін себе алмай жүргенін айтады.

Руслан Хайбулин,  «BAYAT – AGRO»   ЖШС директоры:

- Бұл жерді 2019 жылы сот орындаушылары сатылымға шығарып, екінші деңгейлі банктен алдық.Осымен бірнеше рет ауыл тұрғындарымен кездесіп, егін себетінімізді айтып едік, мүлдем жақындатпайды. Бізге тап беріп, тыңдағысы жоқ. Тіпті,егін сепсек астығымызды улаймыз дейді. Біз бұл жерді мақсатты пайдаланбаған соң, инспекциядан айыппұлға ұйғарым алдық. Уақыт өте берсе, тіпті айрыламыз.

Соңғы 25 жылда егін себілмегенімен бұл жерлер кезінде егістік алқабы болған екен. Сондықтан, енді тұрғындардың қарсылығына қарамай биыл топырақты қопсытып қоямыз дейді серіктестік өкілдері. Алайда ауыл халқы жайылымды жата-жастана қорғап, техниканы жақын жолатпаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.