Ақтауда итбалықтар теңізден жағаға шығып жатыр
Құрлыққа қарай ұмтылуда. Ақтауда итбалықтар теңізден жағаға шығып жатыр. Тіпті кейбірі сағаттап күнге қыздырынып, тұрғындардың берген тамағын жеуде.
Автор: Айман Нұрмағанбет
12.07.2022
- Теңіздің жағасына шығып жатыр. Неге екені белгісіз. Бір нәрсе керек сияқты...
Әлеуметтік желіде таралған бұл видео көптің наразылығын тудырды. Кішкентай бала адамдардан қорықпай теңіз жағасында алаңсыз демалып жатқан итбалыққа тас лақтырып жүр. Экологтар баланың ата-анасына ескертпе жасамаса болмайды деп отыр. 40 минуттай теңіз жағасында қыздырынған итбалық қайта суға жүзіп кеткен. Дәл осындай жағдай жағалаудың басқа жерінде де қайталанған. Онда демалушылар итбалықтарды қолдан қоректендірген. Табиғат жанашырлары теңіз жағасына шыққан итбалықты үркітіп-қорқытуға болмайды дейді. Айта кетейік, Каспий итбалығы былтыр қызыл кітапқа енгізілген болатын.
Кирилл Осин, эколог:
- Итбалықтар адамдардан қорықпай теңіз жағасына шығып, күнге қыздырынуы қалыпты көрініс. Сондықтан адамдардан сүтқоректілерді жағадан қумау керектігін сұраймын. Бұл ешқандай да аномалия емес, табиғи процесс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!