Жұқпалы дерт дендеп тұр
Коронавирус жұқтырғандар саны еселеп өсе бастады. Ауру кешелі бері 820 адамнан анықталған. Дерт, әсіресе, «сары» аймақтағы Алматы қаласында дендеп тұр.
Автор: Салтанат Шырынхан
13.07.2022
Соңғы тіркелген науқастардың 280-і осы Алматыда. Одан кейін Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары. Елорда да бір тәулікте 180 адам кесел жұқтырса, оңтүстік өңірде 87 тұрғынның сынамасы індеттің барын көрсеткен. Қарағанды мен Алматы облыстарында да жағдай мәз емес. Екі өңірде дертке бір күнде 50-ден аса адам шалдығыпты. Кеше ғана бірде бір ауру тіркелмеген Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында да бүгін 9 тұрғыннан вирус табылып отыр. Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияны жұқтырғандар саны да артуда. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңадан 12 жағдай тіркелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!