Мектепті жөндеуге қаржы жоқ
Солтүстік Қазақстан облысындағы Чермошнянка ауылында төтенше жағдай жарияланатын болды. Себебі мұнда дүлей дауыл соғып, жергілікті мектептің шатырын ұшырып кеткен. Енді 100 ге тарта оқушы білім алатын ғимаратты жөндеуге қаржы жоқ. Сондықтан шенеуіктер бюджеттен қаржы бөлдіру үшін төтенше жағдай жарияламақшы.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.07.2022
Тайынша ауданына қарасты Чермошнянка ауылын кенеттен соққан дауыл астаң кестең етті. Тіпті күшті желдің екпініне жүз жылдан бері өсіп тұрған бәйтеректер де шыдас бермеген. Жаңбыр аралас дауыл ауыл мектебенің шатырында ұшырған. Бұл ғимаратта оқушылардан бөлек, бөбектерді тәрбиелейтін шағын орталық та орналасқан. Абырой болғанда сол сәтте ғимарат ішінде ешкім болмапты. Оқушылар каникулда, ұстаздар еңбек демалысында екен. Қаңбақша ұшқан мектеп шатыры осыдан 14 жыл бұрын жөнделіпті. Шенеуніктер жаңа оқу жылына дейін білім ошағының төбесін жауып үлгермейміз дейді. Оның үстіне ақша да жоқ. Өйткені жөндеу жұмыстарына 80 миллион теңге қажет деп отыр.
Владимир Ткаченко, СҚО Білім басқармасы басшының орынбасары:
- Әдетте, мұндай ғимараттың шатырын жөндеуге 23 ай уақыт кетеді. Жаңа оқу жылына үлгеру үшін жұмысты жылдамдатуға тырысамыз. Егерде төтенше жағдай бойынша мәселе шешілмей, үлгермей жатсақ оқушыларды аудан орталығы Тайыншаға тасымалдайтын боламыз. Тайынша кенті ауылдан 12 шақырым жерде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!