{metadescription}
Бір үйдің екі адамы суға батып кетті
Бір үйдің екі адамы суға батып кетті

Бір үйдің екі адамы суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйден екі адам суға кетті. Әкелі-балалы марқұмдар отбасымен Есіл өзеніне дем алуға барған. Осы кезде алты жастағы ұлы суға батқан. Соны құтқарамын деген әкесі де судан шыға алмай қалыпты.

Оқыс жағдай Новоникольский ауылынан 3 шақырым жерде болған. Куәгерлер қайғылы оқиға көзді ашып жұмғанша тез болғанын айтады. 24 жастағы азамат суға кетіп бара жатқан баласын құтқарам деп секірген. Бірақ екеуі де де қайтып шықпады. Осы сәтте жағадағы демалушылар да көмекке ұмтылыпты. Олар тек судан әкесінің денесін алып шықты. Ал баласын бір тәулік бойы іздеп, сүңгуірлердің көмегімен тапқан.

Қуат Махметов, СҚО ТЖД аға офицері:

- Есіл өзені, ПестроеСоленоеЛебяжьеүлкен Таранғұл және Шалқар мен Имантау көлдері аса қауіпті аумақтар болып тұр. Осы көлдерде  жаппай демалатын  орындарда 58 жерде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Оған облыстық әкімдіктің арнайы қаулысы бар. Алдағы апта қатты ыстық болады деп күтілуде. Демалушыларды суда абай болуға шақырамыз! 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде