Өскеменде Өзбекстан азаматы есірткі арқалап жүрген
Өскеменде ірі көлемде есірткі арқалап жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдіктіден қара базардағы құны 30 миллион теңге тұратын зат тәркіленді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.07.2022
- Zip пакетmер. Электронды таразы...
26 жастағы азамат есірткі саудасына жастарды тарту үшін елдің шығысына арнайы келген. Алайда арам ойы жүзеге аспады. Оны тәртіп сақшылары қонақ үйде жатқан жерінен ұстады. Тінту кезінде сөмкесінен синтетикалық және психотроптық есірткі заттары табылған. Салмағы 500 грамнан асатын психотропты есірткі мен 1 600-ден астам түйіншекті күдіктінің қайдан алғаны белгісіз. Қазір Өзбекстан азаматы қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!