{metadescription}
Астаналықтар құрылысқа қарсы шықты
Астаналықтар құрылысқа қарсы шықты

Астаналықтар құрылысқа қарсы шықты

Астаналықтар үйлерінің іргесіне салынып жатқан көпқабатты құрылысқа қарсы шықты. Қазір қаланың қай ауданы болмасын, үсті-үстіне тұрғызылып жатқан үйлер. Ал тығыз қоныстанудың салдарынан тұрғындар терең тыныстаудан, бала-шағаны қыдыртудан қалған. Жазылған шағым, айтылған арыздан еш нәтиже жоқ. Жұрт енді кімге барып мұңын шағарын білмейді.

Құрылыстың тығыздығы, тұрғын үй кешендерінің тым жақын салынуы, астаналықтардың бас ауруына айналғалы қашан. Солардың бірі Целининград кешенінің тұрғындары. Онсыз да мектеп, балабақшаның жоқтығынан тарлық көріп жүрген адамдарға енді күн көзін көру мұң болайын деп тұр. Өйткені тура үйдің жанынан салынып құрылыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Жақында оларға тағы да 1200 жаңа көрші келеді.

Ал жергілікті тұрғындардың жаңа көршілерге ерулік беретін ойы жоқ. Керісінше келмесін деп безілдеп отыр. Себебі мына тұрғын үйдің жанында он адам түгіл, бір машина қоятын бос орын жоқ. Адамдардың назына қарайтын әкімдік емес. Олар бес ай бұрын мұнда тағы 21 қабатты тұрғын үй, тоғыз қабатты екі бизнес орталық және жеті қабатты паркинг салып береміз деп "сүйіншілепті".

Лаура Мұқышева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мына жерге тағы да сквер салынып жатыр. 20 этажды. Ол салынып болғаннан кейін, мына жерде уже құмырсқаның үйі болады деген сөз. Бір ғана мектеп 60лицей. Бір класста 3335 баладан отырады. Балабақша бір ғана Еркетай. Оған ешқандай бірдебір бала мемлекеттік балабақшаға ала алмайды. Оның орнына басқа мысалы балалардың секциясы ешқандай жоқ. Баратын жері. Біз әкімшліктен сұрағанбыз, оның орнына балалар баратын секция, қосымша қатыса алатын жартылай мемлекеттік, жартылай өзің төлейтін қылып жасауға болады ғой. Сондай болсын дедік

Халық қалай сұраса да әкімдік мыңқ етпепті. Олардың өз жоспары бар. Тұрғындардың арызын алып, қақпаған есігі жоқ. Енді не істерін тіпті білмейді. Ал құрылыс тоқтар емес. Қайта күн сайын үдеп барады. Мысалы, мына кішігірім ойын алаңы 500 отбасының баласына ортақ. Ата-аналар баласы далаға шықса жанын шүберекке түйіп отырады. Кран басып, машинаның астында қала ма деп те алаңдайды.   

Айжан Атежанова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Қазір біздің ықшамауданда тұрғындардың тығыздығы 35 пайызға жоғары. Ал әкімдік тағы 15 тұрғынүй саламыз дейді. Ол салынса, бұл сан алты есеге өседі. Ойлаңызшы. Біз осы жанайқайымызбен Президент әкімшілігіне бардық, тіпті Мемлекет басшысына хат жаздық. Қалалық мекемелер, прокуратура, антикордың бәрін араладық. Олар бізді әкімдікке жібереді. Ал әкімдік мұндағы жағдайдың бәрін біліп отыр емес пе?!

Әкімдік тұрғындар қалаған саябақ салатын болыпты. Тек оның көлемі бірнеше есе кіші болады. Бірақ бизнес орталық пен паркинг құрылысы тоқтамайды. 

Сауле Әлқуатова, Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- 21 қабатты үй мен жеті қабатты паркингті бас жоспар бойынша үйлестіру кеңесі бекітіп қойды. Сіздер бізге хат жазғанда, қол қоюға кетіп қалған. Бәрі қала әкімдігінің қаулысына сәйкес. Егжейтегжейлі жоспарлау жобасына, құрылыстың бас жоспарына кеп тұр. Мұнда бұзушылықтар жоқ.

Мұндай біржақты жаттанды жауапқа адамдар ренжімейтін болған. Тек өздері немесе балаларына бірдеңе болса кімнен сұраймыз дейді. Себебі соңғы уақытта астанада тығыз құрылыстың кесірінен пәтер ішіне кран құлап, көлік соқтығысу жағдайы көп тіркеліп жүр. Ал апаттық жағдайлардан кейін жауапкершілікті әкімдік те, құрылыс компаниясы да алмайтыны анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде