Бір-бірімізге қолдау көрсету бауырластық парызымыз!
Бір-бірімізге қолдау көрсету бауырластық парызымыз! Алматыда Түркияның демократия және ұлттық бірлік күніне орай дөңгелек үстел өтті. Азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау – түбі бір түркі елдердің басты міндеті дейді Бас консул Әли Рыза Ақынжы.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
13.07.2022
2016-шы жылдың 15-ші шілдесінде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған еді. Салдарынан 251 адам мерт болып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған. Түркияның Алматыдағы консулдығы ұйымдастырған бүгінгі жиын сол оқиға құрбандарын еске алуға арналды. Қиын-қыстау сәтте Қазақстан халқының көрсеткен қолдауын Түркия еш ұмытпайды деді бас консул.
Әли Рыза Ақынжы, Түркияның Алматыдағы бас консулы:
- Ол оқиғада қазақ бауырларымыз бізді ұмытқан жоқ. Біз де ешқашан қазақ бауырларымызды ұмытпадық, жалғыз қалдырмадық. Ең жақын түсінетін халық әрине қазақ бауырларымыз. Қиынқыстау сәтте бауырлас мемлекеттер мен оның халқы өз тыныштығын бар қажыр-қайратымен қорғап қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!