{metadescription}
Экология министрлігі киікті ату жоспарынан айнуы мүмкін
Экология министрлігі киікті ату жоспарынан айнуы мүмкін

Экология министрлігі киікті ату жоспарынан айнуы мүмкін

Экология министрлігі киікті ату жоспарынан айнуы мүмкін. Серікқали Бірекешев ақбөкен санын реттеудің басқа амалын қарастырмақшы. Киікті киелі санайтын қазақтың ұлттық менталитеті ескерілмей, мәселені тек мылтықпен шешуге тірегені үшін министр кеше ғана президенттен сөгіс естіген болатын. Сөйтіп, бір түнде мамандармен ақылдасқан Бірекешев мәселені енді кәсіби тұрғыда шешу үшін қосымша қаржы сұрап отыр.

Серікқали Бірекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Биыл Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында зерттеулер жүргізу үшін өтінім берген еді. Өкінішке қарай, бұл жоба қабылданбады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, Ғылым және жоғары білім, Қаржы Министрліктері осы зерттеулерді қаржыландыруды биылдан бастап қарастыру мүмкіндігін сұраймыз.

Үкіметтің кешегі жиынында президент Бірекешевке ғана емес, азық-түлік баға мен инфляцияны реттей алмаған, ең болмаса қанттың тапшылығын да шеше алмаған Сауда министрі мен Ауыл шаруашылығы министріне де ескерту жасаған болатын. Мемлекет басшысынан үш деген баға алған Министрлер кабинеті бүгін тағы жиналды. Отырысқа онлайн қосылған Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін жабуды ұсынса, Ұлттық экономика министрі мораторийден кейін коммуналдық тарифтердің өсетінін ескертіп қойды. Жалпы, Әлихан Смайылов үкіметіне күзге дейін уақыт берілді. Президенттің кешегі сын-ескертпелерінен нақты нәтиже шықпаса, Министрлер кабинетін басқа адам жасақтауы мүмкін.

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:

- Кішкене ойланып, Үкіметтің келесі отырысында нақты шаралар ұсыну керек еді. Тәуліктің жартысында ұйықтайтын болсақ, аз уақытта министрлер кәбинеті қандай шешімге келеді? Президент инфляцияға бір шара қолданыңдар десе, Экономика министрлігі өткен алты айдың қорытындысын оқып, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық деп отырғандай. Бұл жерде ешкімде нақты ұсыныс, қорытынды жоқ. Біздің Үкімет тек баяндама оқып қана үйренген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде