{metadescription}
«Қылмыс толық ашылмады» деп наразы
«Қылмыс толық ашылмады» деп наразы

«Қылмыс толық ашылмады» деп наразы

Тергеуге көңілдері толмайды. Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың туыстары «қылмыс толық ашылмады» деп наразы. Күні кеше ғана аяқталған тергеуде бір ғана сарбаздың ісі сотқа жолданғалы жатыр екен. Ал олар, қалған жауаптылардың да жазаға тартылуын қалайды. Айтуларынша, сот-медициналық сараптаманың өзі Әлібек Қалбайдың бірі кісінің ғана қолынан ажал құшпағанын дәлелдепті.

Қара жамылған отбасының Әлібектен айырылғандарына 2 жарым ай болды. Содан бері әділдік іздеп әлек. Жас сарбаздың өліміне қатысты тергеу ісі кеше ғана аяқталыпты. Бірақ, оған туыстардың көңілі толмайды.

Динара Тілесова, Марқұмның туысы:

- Сараптама нәтижесі осы 1 ай бұрын қолымызға тиді. Бірақ сараптама нәтижесінде баланы бір адам соққыға жықпағаны дәлелденді. Бұл жерде бірнеше топпен болған. Себебі баланың бірнеше жерінде жарақат. Мына кеудесінен де қатты удар, күші бар затпен ұрған или тепкен білмейміз. Сол үшін жалғыз Куручкин деген бала показание берді что ұрып жатқаны Аманжоловтың. Бірақ сараптама нәтижесінде бір адамның яғни соққыға жықпағаны туралы анықтап беріп отыр.

Марқұмның өліміне қатысы бар күдіктіні қамауға алғанын Бас әскери прокуратура осыдан бір ай бұрын хабарлады. Әлібек Қалбайға қаруласы әлімжеттік көрсеткен дейді құзырлы органдағылар. Енді сол жас сарбаздың ісі сотта қаралмақ. Алайда, марқұмның туыстары бір ғана адамды абақтыға тоғытып, қалғанын жылы жауып қоя салмаймыз деп отыр. 

Динара Тілесова, Марқұмның туысы:

Тергеу аяқталды. Бірақ тергеудің аяқталғаны бір жас сарбаз сол баланың ісімен аяқталып тұр. Бірақ 453 баппен біздер іс қозғаттық. Сол 453 статиямен жауаптылар жазалану керек. Олар сонда Гвардейский қалашығындағы 30212-дегі командир, офицер, сержанттар қайда қарап отыр? Баланы өлтіріп қойып? Жауаптылар жазалану керек. Себебі баланы біз мектепке емес, садикке емес, отан алдындағы борышын өтеуге кеткен бала.

Бас әскери прокуратура Гвардейский әскери бөліміне қатысты қылмыстық істің аяқталғанын растады. Ал, қамаудағы сарбаздан бөлек, өзге офицерлерге берілген жаза тек лауазымынан босатылу болыпты.

Еркін Қожахмет, ҚР Бас әскери прокурордың аға көмекшісі:

Курсант Қалыбайдың қайтыс болуы бойынша қатардағы жауынгер Аманжоловқа қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 440 бабының 4-ші бөлімімен аяқталып отыр. Күдікті Аманжолов сот санкциясымен қамауда отыр. Осы болған оқиға бойынша Қорғаныс министрлігінің тарапынан бұрынғы командирі және бөлімше командирі өз лауазымынан босатылған. Және орынбасарымен басқа лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.

Тағы да еске салсақ, 22 сәуір күні Қордайдағы Гвардейский әскери бөлімінде Маңғыстаудан әскер қатарына шықырылған жауынгер қаза тапқан еді. Бұл қайғылы жағдайға қатысты Президенттің өзі кінәлілерді анықтауды тапсырған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде