{metadescription}
«Қазфосфат» зауытының басшыларына қатысты тергеу басталды
«Қазфосфат» зауытының басшыларына қатысты тергеу басталды

«Қазфосфат» зауытының басшыларына қатысты тергеу басталды

Заңсыз табыс тапқан! «Қазфосфат» зауытының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорын басшылары өнімдерін қымбатқа сату арқылы монополияға қарсы заңды бұзған.

Негізсіз қымбаттатылып сатылған тыңайтқыштардың бағасы елдегі азық-түлік құнына да әсер етіпті. Заң бұзушылықтарды тексеріс барысында Жамбыл облыстық Экономикалық тергеу департаменті анықтап, іс қозғаған. Айта кетейік, дәл осы өнідіріс ошағында болған апаттың салдарынан апта басында Тараз қаласын қара-қызыл түтін басқан еді. Арнайы жұмыс тобын құрған шенеуніктер күкірт қышқылы цехында сорғы істен шығып, салдарынан газ ауаға жайылып кеткенін мәлімдеген. Экология министрлігі сол уақытта химиялық заттардың көлемі қалыпты деңгейден біршама артып, ауаның ластанғанын да анықтады. Ашық дереккөздерінде осы зауыт, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа тиесілі екені жазылған.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі:

- 2022 жылдың 13 шілдесінде Жамбыл облыстық Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабымен «Монополия қызметі» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. "Қазфосфат" ЖШС басшылығы аммофосты саудаға шығару кезінде жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде