{metadescription}
Алматыдағы «Оптовка» мемлекетке қайтарылады
Алматыдағы «Оптовка» мемлекетке қайтарылады

Алматыдағы «Оптовка» мемлекетке қайтарылады

Комиссия Алматыдағы ең ірі көтерме базарды да мемлекет меншігіне қайтаруға ниетті. Өйткені, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған негізгі көтерме сауда кешенінің бір бөлігі 5 есе арзан бағаға сатылғаны анықталыпты. Яғни, кезінде нарықтағы бағасы 1 жарым миллиард теңге тұратын «Барыс-4» базары бар болғаны 307 миллион теңгеге сатылған.

Ел арасында «Оптовка» аталып кеткен көтерме базарда әлеуметтік маңызы бар өнімдерден бөлек көкөніс, жеміс-жидек те сатылады. Шаһардағы дүкендер мен шағын супермаркеттердің көбі азық-түлікті осы көтерме сауда кешенінен алып, үстінен қосып саудалайды. Бес ай бұрын мұндағы мыңнан астам сатушы да базардағы монополияға қарсы шыққан болатын. Олар жалғыз компанияға ақша төлеп, тамыр-танысы бар өнім өндірушілер ғана кешенге кіретінін айтып шағымданған. Тіпті, саудагерлерді сол фирманың ұсынған тауарларын алуға мәжбүрлеп келгені де айтылды. Осындай заңсыз әрекет азық-түлік құнының шарықтауына себеп деп шулаған сол кезде. Миллиардтар айналған бұл базардан ведомствоаралық комиссия да талай былықты әшкерелеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде