Жол апатынан 8 адам көз жұмды
Жантүршігерлік жол апаты 8 адамның өмірін жалмады! Оралда екі көлік бетпе-бет соғылып, машинада отырғандар адамдар түгел ажал құшты. Арасында кәмелет жасына толмаған екі бала бар.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
18.07.2022
Қайғылы оқиға Орал қаласындағы айналма жолда түнгі сағат екілер шамасында болған. Nissan автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші қарама-қарсы бағытқа шығып, жоғарғы жылдамдықпен Lada көлігіне соғылған. Лада ішінде 7 адам отырыпты. Оның екеуі бала. Барлығы оқиға орнында жан тапсырды. Ал жол апатына кінәлі Ниссан жүргізуші ауруханада қайтыс болды. Осы қайғылы оқиғадан соң іле-шала айналма жолдың жылдамдығы сағатына 80-нен 60 шақырымға түсіп, бейнебақылау камерасы орнатылды. Полицияның мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 124 жол апаты тіркеліп, 40 адам көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!