{metadescription}
Рейстері кешіккен әуе компанияларына қатысты текеріс басталады
Рейстері кешіккен әуе компанияларына қатысты текеріс басталады

Рейстері кешіккен әуе компанияларына қатысты текеріс басталады

Себебі сол күйі белгісіз. Демалыс күндері рейстері жаппай кешіккен «Air Astana» мен «Fly Arystan» әуе компанияларына қатысты тексеріс басталады. Бұған жолаушылардан түскен 120 арыз-шағым себеп. Өйткені, ұшақтардың уақыты көкке көтерілмеуінің кесірінен мыңдаған адам діттеген жеріне жетей алмады. Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына сыймаған жолаушылар туған-туыс пен қонақүйді әлі жағалап жүр.

Ақтаулық Сәлима Нұрмақованың үйіне қайта алмай жүргеніне екінші күн. Оның ұшағы кеше таңертең Маңғыстауға қону керек еді. Алайда «Fly Arystan» әуе сапарын орындауға асығар емес. Рейсті таңғы 9-дан түнгі 11-ге, кейін бір күнге толығымен кешіктірген. Жолаушы келіншек бүгін түнде ұшады деген смстің де орындалуына сенбей, не істерін білмей отыр. 

Сәлима Нұрмақова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Тіркеуден өтетін жерге барып, не үшін кешіктірілгенін білгім келді. Әуежайдағы жабынның жөнделіп жатқанына байланысты, кешікті деп түсіндірді. Сосын рейсті бір тәулікке шегергені туралы тағы смс келді. Үйімде екі жасар балам мен ауру әкем қалды. Туыстарға көмектесіңдерші деп жатырмын. Бүгін түнде ұшамыз ба, жоқ па білмеймін. 

Әуежайда не істерін білмеген Сәлима сияқты отыздан аса жолаушыны әуе компаниясы қонақүйге орналастырыпты. Бірақ оның өзі ұрыс-керістен соң мүмкін болған. Осы демалыста кешікккен рейстің зардабын шеккен қазақстандықтар өте көп. Алматы-Қостанай, Нұр-Сұлтан-Алматы, Ақтау сапарлары бір сағаттан бір тәулікке дейін кешіккен.

Вы хотите упасть? Вы хотите чтобы пилоты уснули?

Нақты себептің неден екені белгісіз. Әуе компаниялары біресе Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жөндеу жұмыстарына, біресе күн райының қолайсыздығына жауып әлек. Онсыз да билетті бес есе қымбатқа сатып алған жолаушылардың өкпесі қара қазандай. Осы күндері Авиациялық әкімшілікке 120 шағым түсіпті.

Нұржан Малаев, ҚР Авиациялық әкімшілігі тасымалдау департаментінің директоры:

- Егер сіздің рейсіңіз кешіксе немесе орындалмаса, олар әуежайда ана мен балалар бөлмесін беру керек. Оған қоса рейсіңіз рейсіңіз екі сағаттан асып кешіксе салқындатылған сусындар беріледі. Төрт сағаттан кейін ыстық тамақ беріледі. Алты сағаттан кейін қонақүй беріледі. Егер әуекомпания осыларды жолаушыларға көрсетпесе, оларға ҚР әкімшілік бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынады.

Алайда аталған ережені көп жолаушының білмейтіні жасырын емес. Тек ұшып кетсек болды дейтіндер әуежайда сабылып, орындықтарда ұйықтап, уақыт өткізеді. Ал әуе компанияларына айыппұл төлей салу оңай сыңайлы. Онда да былтыр жолаушыларға қызмет көрсетпегені үшін «Scat» пен «Fly Arystan»-ға бірді-екілі айыппұл салынған. Билет құны күн сайын емес, сағат сайын өсетін компаниялар бар жоғы 600 мың теңге төлепті. 

Өткен бес айда жолаушылар саны 30 мыңға көбейіпті. Бірақ сұраныстың артқанына қарамастан, отандық әуе компаниялары жаңа ұшақ сатып алуға ниет білдірмеген болатын. Енді Үкімет оларды міндеттеп жатыр. Өйткені, өткен демалыстағы жолаушылардың жанайқайы Үкіметке жетіпті. Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін Скат - 9, Флай Арыстан - 3, Эйр Астана - 2 әуе кемесін алуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде