{metadescription}
ШҚО-да 24 адам ажал аузынан қалды
ШҚО-да 24 адам ажал аузынан қалды

ШҚО-да 24 адам ажал аузынан қалды

Шығыс Қазақстан облысында 24 адам ажал аузынан қалды. Бұқтырма су қоймасына демалуға барғандар шағын кемемен су бетінде серуендемек болған. Осы кезде дүлей дауыл тұрып, катер суға батып кетті. Бортта болған 24 жолаушыны жағалауда жүрген өзге демалушылар құтқарып қалды. Қазір құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, осы оқыс оқиғаның себеп салдарын тексеріп жатыр.

Бұқтырма су қоймасында серуенге шыққан шағын кеме дүлей дауылға тап болған. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің екпінінен катер аударылып, суға батқан. Осы сәтте бортта 21 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың арасында 9 бала бар.

Давай, давай, кеттік!

"Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған апатты жағалаудағы демалушылар байқап қалыпты. Олар ойланбастан көмекке ұмтылған. Ер азаматтар гидроскутер мен моторлы қайыққа мініп, батып бара жатқандардың бәрін жағалауға жеткізген. Ең алдымен балаларды құтқаруға тырысыпты.

Рақмет балаларды құтқарғандарыңа. ТЖД-ға рақмет. Барлығын ұйымдастырып жіберді. Қайықты жылдам үрлеп, адамдарды құтқарды

Суға кеткен кемедегі азаматтар дін аман. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпепті. Бір ажалдан аман қалғандар бірден демалыс орнына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген.

Арман Тоқанов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық. медициналық көмекке ешкім жүгінген жоқ. Бірден “Аюда” базасына орналастырылды. Барлық қажетті көмек жасалды.

Қазір полицейлер судағы апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр. Тіпті тәртіп сақшылары, теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысын пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Десе де, бортта болған жолаушылар кеме командирінің кінәсі жоқ дейді. Олар катердің суға батып кетуіне дүлей дауыл себеп дегенді алға тартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.