{metadescription}
Газ құю бекетінің күлі көкке ұшты
Газ құю бекетінің күлі көкке ұшты

Газ құю бекетінің күлі көкке ұшты

Ақтөбе облысында жойқын жарылыс болып, газ құю бекетінің күлін көкке ұшырды. Алға ауданында болған апаттың нақты неден болғаны әзірге белгісіз.

Жарылыс болған сәт

Жойқын жарылыс кеше кешкісін болды. "ЛиманГаз" деп аталатын бекеттегі цистерналар бірінен соң бірі атылған. Арты алапат өртке ұласып, тілсіз жау бекетте тұрған жеңіл көлік пен өзге де техникаларды шарпыды. Оған қоса жанармай құю бекетінің ғимараты түгелдей жанып кеткен. Абырой болғанда жақын маңда жүрген адамдар қауіпсіз жерге қашып үлгеріпті. Ал жарылған екі цистерна жерге көмілмеген екен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар көгілдір отын құйылған тағы бір бөшкені қызыл жалыннан аман сақтап қалды.

Сансызбай Маханов, Ақтөбе облыстық ТЖД аға анықтаушысы:

Өрттен автогаз бекеті толықтай зақымданды. Бір жеңіл автокөлігі , екі погрузчик автокөлігі зақымдалды. Көліктер толықтай зақымдалғасын мемлекеттік номерлері бәрі жойылған.  Сондықтан біз оны сараптама дайындап, кузов номерлерінен анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде