{metadescription}
Апат айтып келмейді
Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді

Екібастұз қаласында жолаушылар автобусы соғылып, 17 адам зардап шекті. Жарақат алған төрт жолаушы ауруханаға жеткізілген. Науқастардың арасында алты жасар қыз бар.

Жол апаты Екібастұз қаласындағы жол қиылыстарының бірінде болған. Екі автобус бір-біріне соғылыпты. Салдарынан 17 адам жараланып, төрт жолаушының сүйегі сынған. Дәрігерлер қоғамдық көлікте болғандардың 13-не алғашқы медициналық көмек көрсетіп үйлеріне жіберді. Қазір, жол сақшылары апатқа кінәлі автобус жүргізушісін анықтап жатыр. Қос қоғамдық көліктің қайсысы ереже бұзғаны тергеу барысында белгілі болады.

Қуаныш Мұстафинов, Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

Жол апаты Мәшһүр Жүсіп, Бұқар жырау көшелерінің қиылысында оран алды. №7, №33 қоғамдық көліктері соқтығысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде