{metadescription}
Жайылым жерге жарымаған жұрттың жанайқайы
Жайылым жерге жарымаған жұрттың жанайқайы

Жайылым жерге жарымаған жұрттың жанайқайы

Жер бай-бағландар мен жергілікті шенеуніктердің жақындарынан ауыспайды. Алматы облысындағы Нұрлы ауылының тұрғындары осылай деп наразылықтарын білдірді. 2 жылдан бері егістік алқап пен жайылым жерге жарымай отырған жұрт малды батпаққа жаюға мәжбүр. Өйткені, ауылдың айналасындағы жер түгел жекенің меншігінде. Нұрлы тұрғындары жергілікті әкімдікке сенуден қалған. Сондықтан, мәселені енді жаңадан құрылған облыстың басшылары шешсе деген тілегін айтып отыр. 

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұрлы ауылы таңнан бері азан-қазан. Жиналған үлкеннің де, кішінің де талабы бір – қалталылардың меншігіне кеткен жерлерді қайтару. Өйткені, ауыл маңы түгел жекешеленген соң, не егін еге алмай, не мал жая алмай, күн-көрісі қиындап қалған.

Айдар Нүсіпбеков, Нұрлы ауылының тұрғыны:

Жангелді деген кісіміз 120 гектар жер. Бұл 120 гектар жерді 2 мың гектар тас, кенеден басқа жәндік мекендемейтін жерді ауыстырып, ауылдың халқына бермей отырған жерді сол кісіге беріп жіберді. Жастар ауылда қалсын дейсіздер. Жастар ауылда қайдан қалады, ауылда істейтін жұмыс жоқ. Жермен айналысайық десек 8ақ адам алып-алып алған жердің бәрін өздеріне 400-500 гектарлап. Біз сонда жастар не тірлік қыламыз бұл ауылда?

Төрт түліктің арқасында күнелтіп отырған бұл ауылдың түтіні мыңнан асады. 2 жылдан бері бірінің малы көк қуалап үйлердің жанын жағаласа, өзгелерінікі батпақ пен ну қамысты тебініп жүр. Себебі, дөкейлер иемденіп алған жерлеріне мал түгілі, жан аяғын бастыртпайтын көрінеді.

Есенаман Әбдіқайыров, Нұрлы ауылының тұрғыны:

Мұхит деген кісі алған. Бұл жерге негізі ағаш отырғызамын деп алған. Бұл жерден ағаш көріп тұрған жоқсыздар, қазір бәрі егістік. Соя, жоңышқа салып жатыр. Мына жағының бәрі түгел айналдырып қазып тастаған. Осы ауыл тұрғындарының малы түсіп өліп жатыр. Оған жауапкершілікті ешкім мойнына алып жатқан жоқ. Сондықтан, біздің талап ететініміз осы жерлерді қайтарып алып берсін ауылдың халқына.

- Жер қайтарылсын ба? Қайтарылсын.

Жер қайтарылсын деп базынасын айтқан бұқара ауыл әкімдігіне қарай бет алды. Жұрт заңсыз деп тапқан егістік алқаптарды тексеру біздің құзыретімізге кірмейді деген әкім мәселенің барлығын тек аудан әкімдігі мен арнайы комиссияға ғана сілтеумен болды. Ал, жайылым жер ауылда жеткілікті деп міз бақпай отыр.

Ертай Нұрмаханов, Масақ ауылдық округінің әкімі:

- Мал жаятын жер жоқ дегенге келіспеймін. Нұрлы ауылы бойынша бізде 4 мың 200 гектар жердің мемлекеттік актісі шығарылған. Енді Еңбекшіқазақ ауданындағы жер комиссиянынан 2800 гектар жердің қорытындысы шығарылды. Қосымша 3200 гектар жердің қорытындысы шығарылды. Сондықтан, мал жаятын жер бар. 44:22 Егістік алқап жайлы айтып кетейін. Егістік алқап жайлы Нұрлы ауылында негізі 2440 гектар жер болған. 2440 гектардың қазір 2350 гектар жері пайдалануда.

Тұрғындардың мал санын алып, жайылымдық жерге бөлген кезде тек жартысы ғана қамтылып отырғанын ақыры әкім мойындады. Десе де, жан жақтан қаумалаған жұрттың атқамінерге сұрағы көп, бірақ жауабы жоқ.

Жердің бәрі например ауылдың жері дұрыс па? Сіз алдыңызда Жангелдіге, танымайтын біреуге бердіңіз. Жангелдіге бергенше халыққа берсеңіз болады ғой. Дұрыс па?

Жұрт атын ата, түсін түстеген жер иелерінің кейбірі кезіндегі, енді бірі қазіргі шенеуніктер немесе солардың жақындары, дос-жарандары. Бірақ әкімдіктегілер оларға шаң жуытқысы жоқ. Ал олардан әбден күдер үзген Нұрлы тұрғындары әкімнің бұл жолғы сөзіне сенгісі жоқ. Ендігі үміттері облыстың жаңа басшыларында. Көпшілігі прокуратура мен сотқа арызданып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде