{metadescription}
Балабақшалар лицензиялаудан өтеді
Балабақшалар лицензиялаудан өтеді

Балабақшалар лицензиялаудан өтеді

Жарымжан бүлдіршіндерді ұрып тәрбиелеген балабақша жабылып, екі тәрбиеші жұмыстан шығарылған. Ал мектепке дейінгі мекеме басшылығы мұнымен де құтылмауы мүмкін. Қазір бұл жер тек оқу орталығы ретінде жұмысын жалғастырып жатыр. Осы оқиға елге тарап, үлкен шуға ұласқан соң балабақшаларды тексеру, қайта лицензиялау мәселесі көтерілген болатын.

Тілі де шықпаған ұл-қыздарды таяқпен тәрбиелеу жалғыз "Сати" балабақшасында емес. Тек өткен алты айда Оқу ағарту министрлігіне тентек тәрбиешілерге қатысты 31 арыз жазылыпты. 15-ін тіпті полиция қарап жатыр. Соңғы уақытта жиілеген осындай жайттардан кейін жауапты ведомство арнайы заң жобасын дайындап жатыр. Ол мақұлданса, балабақшалар алдымен қайта лицензиялаудан өтуі тиіс. Бірінші кезекте бұл жаңадан ашылатын мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты. Одан кейін еліміздегі 11 мыңға жуық балабақша лицензия алуы тиіс. Тек мұндай талаппен балабақша бизнесімен айналысып жүргендер келіспейді. Қайтадан лицензия алу - жемқорлыққа жол береді деп санайды кәсіпкерлер. Бірақ Оқу ағарту министрлігі олардың талабына құлақ асайын деп отырған жоқ.   

Гүлзат Көбенова, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:

- Лицензияны алғаннан кейін тексеріс жүргізілмейді деп айтуға болмайды. Дұрыс түсіну керек. Лицензия ол оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжат. Сосын оның күнделікті білім беру үшін, тәрбиелу үшін жағдайларды жасай алатыныны дәлелдейтін құжат. Ал ары қарай лицензияның біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігі мемлекеттік аттестация қарап отыралады. Әр бес жыл сайын бір рет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.