{metadescription}
Аптап ыстықтың беті қайтатын емес
Аптап ыстықтың беті қайтатын емес

Аптап ыстықтың беті қайтатын емес

Еліміздің батыс өңірінде аптап ыстықтың беті қайтатын емес. Бірнеше күнннен бері Маңғыстау облысында ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Тіпті кейбір өндіріс орындарында сынап бағанасы 50 градусқа дейін жеткен.

Бүгін міне 19.07.2022 жыл сағат 14:09. 44-45 градус көрсетіп тұр. 17-нен бері осылай 44-45-тен түспей тұр. 50-54-ге дейін барып тұр.

Бұл Жетібайдағы кен орындарының бірі. Далада ми қайнатар ыстық болса да жұмысшылар шақырайған күн астында жұмыс істеп жүр. Ал, ауа-райын болжаушылар ыстықтың беті 2-3 күнде қайтады дейді. Яғни 22-ші шілдеден бастап ауа температурасы сәл де болса төмендейді екен. Алайда жанға жайлы ауа-райы ұзаққа созылмайды. Өңірде жаз соңына дейін күн ыстық болады деп күтілуде. Қазір Маңғыстау облысындағы барлық ауыл, аудандарда термометр бағанасы 40 градустан жоғары көрсетіп тұр.

Айдана Нұршаева, «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының инженері:

Өрт қауіпсіздігін сақтауға, ұзақ жолдарға шықпауға халыққа кеңес беремін. Бүгінгі максималды ауа температурасы метеостанция Бейнеуде 45 градус. Аққұдық, Болашақ, Опорный, Ұштаған метеостанцияларында 43 градус. Сам, Жетібай, Сайөтесте 42 градус болып жатыр. Облысымыздың батысыныда яғни теңіз жағалауларында 30-35 градус ыстық болып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде