{metadescription}

Елордада эпидахуал ушықты

Екі аптада Нұр-Сұлтанда ковидтің таралуы бірден тоғыз жарым есеге өскен. Қазір елордада күніне 600-ге жуық адам вирус жұқтырады. Сөйтіп астана «сары» аймаққа кірудің алдында тұр. Өкінішке қарай, вакцина алған адамдар да короновируспен қайта ауырып жатыр екен. Өйткені уақыт өте келе дененің инфекциядан қорғану деңгейі төмендейтін көрінеді. Сондықтан, дәрігерлер алты ай өткеннен кейін қайта вакцина салдыруды құптап отыр.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Өзіңіз араласатын адамдар ортасын шектеңіз, айта кету керек сары аймаққа көші кезеңінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы болып қала бермек. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз. Елорданың жасыл аймақта тұрғанына қарамастан, ведомство аралық комиссияның шешіміне сәйкес жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде бетперде киюді ұсынамыз.

Сонымен қатар астаналық дәрігерлер вирус жұқтырған жағдайда жұмысты қашықтан істеп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырады. Он адамнан асатын жиналыстар онлайн форматта өткізілуі тиіс. Өйткені қазірдің өзінде инфекциялық стационарлардың 41 пайызы бос емес. Онда 260 науқас ем алып жатыр. Короновирустың «омикрон» штамы әсіресе жастардың арасында тез таралып жатыр екен. Ақ халаттылардың пайымынша, астанада эпидахуалдың күрт нашарлауы тамыздың ортасына дейін жалғасады. Одан кейін жағдай түзелуі тиіс. Қазір елорда емханаларында 34 егу пункті жұмыс істеп тұр. Алайда тұрғындар  үшін бір ғана препарат қолжетімді. Ол қытайлық «Sinopharm» вакцинасы. Қоймада 214 мың дозасы бар. Жалпы, ел бойынша соңғы бір тәулікте 2 мыңдай адам вирус жұқтырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде