{metadescription}
ҰҚК-тің бұрынғы басшыларының қамаудағы мерзімі ұзартылды
ҰҚК-тің бұрынғы басшыларының қамаудағы мерзімі ұзартылды

ҰҚК-тің бұрынғы басшыларының қамаудағы мерзімі ұзартылды

Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылып жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларының қамаудағы мерзімі ұзартылды. Сотқа дейінгі тергеу Мәсімов пен оның үш орынбасарына тағы бір ай қосып берді. Осымен қамау мерзімі бес рет ұзартылған экс-төрағаның қылмысы дәлелденсе, 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұлов алтыншы тамызға дейін, ал Дәулет Ерғожин 13 тамызға дейін уақытша ұстау изоляторында отырады. Тергеу жеті ай бұрын ұсталған күдіктілерге қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша іс қозғаған. Атап айтқанда, «Мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға және қызметін асыра пайдалануға әрекет жасады», «пара алды», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастырды» деген ауыр айыптар тағылды. Іс «өте құпия» белгісімен тергеліп жатыр. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәрім Мәсімовтен тәркіленген қымбат дүниелер мен көліктерді жариялаған еді. Күдіктінің елордадағы зәулім сарайынан бизнес санаттағы 11 көлік, бес миллион теңге тұратын бірнеше қолсағат, қолма-қол ақша, алтын құймалар табылды. Алматы мен елордадағы элиталы үйлері, Бурабай көлінің жағасындағы бір гектар жері де бұғатталған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде