{metadescription}
Елімізде миллиондаған гектар жайылымдық жер заңсыз берілген
Елімізде миллиондаған гектар жайылымдық жер заңсыз берілген

Елімізде миллиондаған гектар жайылымдық жер заңсыз берілген

Қазақстанда соңғы үш жылда миллиондаған гектар жайылымдық жер заңсыз беріліп келген. Осындай заңбұзушылықтарды анықтаған Бас прокуратура бос жатқандарын да санап шығыпты. Заңды белден басқандар жауапқа тартылған.

Елімізде 15 миллион гектардай жайылымдық жердің жетіспейтіні айтылып жүр. Соның кесірінен, жеке қосалқы шаруашылықтар мал жаюдан қиналып, шаруалар тоз-тозы шыққан жерлерде еңбек етуге мәжбүр. Мәселен, ақтөбелік фермерлер жерден тарықса, Түркістан облысында ауыл тұрғындары ірі шаруа қожалықтарымен мал жаюда жаға жыртысып жүр. Белгілі болғандай, түркістандық Мәслихат депутаты жалға алған жайылымдарды бөліскісі келмеген. Бүгінде оның іс-әрекеті тексеріліп жатыр. Жалпы, прокурорлар Қазақстандағы жер тапшылығы қолдан жасалғанын алға тартады. Өйткені, соңғы үш жыл ішінде республикада 18 миллион гектар жер бос жатқан. Ең сорақысы, тағы үш миллион гектарды лауазымды тұлғалар заңсыз тамыр-таныстарына үлестірген. Сол әрекеттері үшін Бас прокуратура 520 адамды тәртіптік жазаға тартыпты. Ал анықталған жайылымдық жерлерді тиімді игеру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекетке қосымша бес миллион гектарды қайтарып бермек. Тағы төрт миллион гектар жер пайдаға жараған.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы:

- Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді. Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.