Ақмола облысында жер дауы ушығып тұр
Ақмола облысында да жер дауы ушығып тұр. Бурабай ауданындағы 5 бірдей ауыл тұрғыны жауыр болған жер мәселесін шешіп беруді талап етіп аудан әкіміне барды. 15 жыл бұрын «Есіл-агро» серіктестігіне жалға берілген алқаптан тұрғындар алғашқыда 3 қап бидай қалдығын алса, соңғы екі жылда тіпті тауығына шашатын жем таппай қалған. Сондықтан қалталарының ғана қамын күйттейтін серіктестік ауылдан кетсін дейді жиналғандар. Тіпті Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Самат Ескендіровтен жерді 100 пайыз қайтаруын талап етіп отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.07.2022
Ұлан-ғайыр жерді жалға алғанша, уәде де көп болған. Ақылбай,Мәдениет, Қарабұлақ,Баянбай және Абылайхан ауылының тұрғындары елге ірі инвестор келді деп мемлекеттен алған жер үлесін «Есіл-агроға» тапсырған. Сол кездегі келісім бойынша табыстың 10 пайызы тұрғындарға тиесілі екен. Алайда ел іргесін түгел жыртып, жайылым мен шабындықтың бәрін талқандаған. Бірақ халыққа егістіктегі сабанды алуға да тыйым салынған екен.
Қайырбек Исин, Абылайхан ауылының тұрғыны:
- 12 мың гектар пашнямыз бар жыртылған егін егуге жарамды. Соған 2 мың 3 мың гектар ғана егін егеді. Қалған жердің бәрі құрып бітті.Мысалы менің өзіме 1-2 метр жер о дүниеде бұйырар. Ал бірақ келешек балаларыма,немерелеріме осы атымыздағы жерді ала алмаймыз,не ешқандай пайда алмаймыз. Пай береміз деп айтады жылда осылай айғай шу болады.
Тұрғындар үлессіз қалғанын былай қойып, жердің тозып бара жатқанына да наразы. Мемлекеттен миллиондап субсидия, банктен 6 миллиард теңге несие алған серіктестік тіпті егістік алқапты өңдемек түгілі, егін себуді қысқартқан.
Биылғы жаңбырлы жаздан өңір шаруалары мол өнім күтіп отыр. Алайда,5 ауылдың 78 мың гектар жерін жалға алған серіктестік биыл егістіктің тең жартысынан айрылып қалуы мүмкін. Жұрттың үлесіндегі 35 мың гектар алқапқа олар түк те сеппеген.
Бұл жағдай әкімдікте өткен жиында белгілі болды. Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті «Есіл-агро»серіктестігінен мақсатты пайдаланылмаған 35 мың гектарды мемлекет қорына қайтарып алуға әрекеттеніп жатыр екен. Бұл жаңалық жұрттың төбесінен жай түсіргендей болды.Өйткені,бұл халықтың жері. Ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов жұртты тыныштандырып күзгі орақты күтуге шақырды. Оның осы жерде экс-әкім, компания басшысы Серік Ескендіровті Сәке, Сәке деп құрақ ұшқаны жұрттың жынына тиді.
- Вот Сәкең обсуждает, Сәкең обсуждает.В пределах закона никаких проблем! Сәке час что хочу нормально істеп беріңіз!
Самат Ескендіров, «ЕС Групп» директорлар кеңесінің төрағасы:
- Барлығы шығам деген кісілерге жерін беріп,қағаз деген документ деген қолда жоқ.Ол әкімшілікке кетеді. Бізден ешқандай кедергі болмайды.
-Банкке қалай қойдыңыз?
-Банкке доворенность бойынша қойдық.Заңды барлығы.
-Ешқандай документ көрген жоқпын./тұрғын қыстырылады/
-Болды.Болды.
Әкімдікке жиналған жұрт жиналған проблемасын іркілмей айтып жатты. Оның ішінде серіктестіктің пайынан басқа жол,су мәселесі де бар. Ал серіктестіктен 100 пайыз бөлініп шыққысы келіп тарасқан жұртқа жері бұйыра ма жоқ па, әлі белгісіз. Өйткені,ол банкте кепілдікте тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!